{metadescription}
Алматыда ХҚКО жұмысына қайта кірісті
Алматыда ХҚКО жұмысына қайта кірісті

Алматыда ХҚКО жұмысына қайта кірісті

Алматыда халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысына қайта кірісті. Осы уақытта дейін қауіпсіздік үшін және байланыстың жоқтығынан есігі жабық тұрған.

Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында қазір адам қарасы көп. Бірақ мамандар бірқатар қызметті көрсете алмай отыр. Жеке куәлік пен төлқұжат рәсімдеуді және көші-қонға қатысты құжат толтыруды тоқтатып қойған. Өйткені ішкі істер министрлігімен арадағы байланыс уақытша үзілген.

Ел бойынша әзірге тек Алматы облысында ғана халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемей тұр. Өзге аймақтарда кеше қызметін қайта бастаған еді.

Ақтөбедегі мамандандырылған орталық есігін көлік жүргізушілері таңнан бері торуылдап жүр. Бірақ мұнда келгендерді қақпадан жібермейді. Тек Ақтөбеде ғана емес, өзге өңірлерде де әлі мұндай арнайы орталықтар жабық тұр. Өйткені жұмысы әкімшілік полиция комитетімен тығыз байланысты. Ал ондағылар қызметкерлерін елдегі төтенше жағдайға байланысты басқа жұмысқа жегіп қойған.

Айнагөз Ағыбаева, Халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы:

-Интернеттің қазір дұрыс істемейтінін халыққа ескертіп жатырмыз. Алайда қызмет алушылар өз қызметін алуда. Қазір мамандандырылған халыққа қызмет ету орталығы жұмыс істемейді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде