{metadescription}
Шетелде қалған туристер 14-қаңтарға дейін елге оралады
Шетелде қалған туристер 14-қаңтарға дейін елге оралады

Шетелде қалған туристер 14-қаңтарға дейін елге оралады

Шетелде қалған қазақтандық туристер 14-қаңтарға дейін елге оралады. «Туристік қамқор» корпоратив қорының мәліметінше, бүгін тағы да төрт рейс Елордаға ұшып келмек.

Әу баста олардың бәрі Алматыға ұшуы тиіс еді, алайда, әуежайдың жабық болуына байланысты туристерді астанаға әкелу жөнінде ұйғарымға келген. «Туристік қамқор» корпоративтік қорының мәліметінше, бүгінде Біріккен Араб Әмірліктерінде мыңнан астам отандасымыз Қазақстанға қайту кезегін күтіп жатыр. Кешенің өзінде Мальдив аралдары мен Шри-Ланкадан 350 жолаушы елордаға тұрақтап, қонақ үйге уақытша орналастырылды.

Асылхан Есілов, «Туристік қамқор» коорпоратив қорының директоры:

-Елдегі ахуалға байланысты 6-қаңтарда шетелде 7,5 мың қазақстандық турист қалған болатын. Ұшып келуге байланысты қиындықтар туындады. Бірақ қазір барлық әуе рейсі қайта жанданып жатыр. Туристердің жартысынан көбін қонақ үйлерге орналастырдық. Артынша пойызға билет алып Алматыға жөнелтеміз. Барлық турист бақылауымызда. Күн сайын жаңа кесте құрылып жатыр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде