{metadescription}
Тоқаев: Ең алдымен халықтың әл-ауқатын көтеру керек
Тоқаев: Ең алдымен халықтың әл-ауқатын көтеру керек

Тоқаев: Ең алдымен халықтың әл-ауқатын көтеру керек

Жаңа премьер-министр тағайындалып, Үкіметті жасақтауды президент Әлихан Смайыловқа тапсырды. Президенттің бұл шешімін Мәжіліс те қолдады. Жаңа премьер шұғыл шешуге тиіс мәселе көп. Қытаймен арадағы кеденде былық шаш етектен. Соның салдарынан түсім азайған. Утильдік  алым, өңірлерді дамыту, жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары қайта қаралуы тиіс.

Жаңа премьер-министрді таныстыратын күнді президент 7-қаңтарда-ақ жариялап қойған. Бүгін үкімет басшысының лауазымына бұрынғы премьер Мәминнің орнын уақытша басқан Әлихан Смайылов жайғасты. Депуттар да мемлекет басшысының кандидатурасын қолдай кетті. Олардың арасында Смайылов премьер-министрдің орынбасары болғанда Үкімет жұмысын қатты сынға алғандар да бар. Талқылауда сөз алғандар құлаш-құлаш қағаздан мақтау сөздерін оқып, үкіметтің жаңа басшысына сенетінін жарыса айтты.

Жаңа басшы мен жаңа үкіметтің алдында маңызды міндеттер тұр. Ең алдымен елдің экономикалық жағдайын жақсартып, халықтың әл-ауқатын көтеру керектігін атап өтті мемлекет басшысы. Ол үшін теңге бағамын тұрақтандыру  күн тәртібіндегі басты мәселе болуға тиіс. Бүйірден қысқан қымбатшылыққа да осы инфляция себеп. Базарға бара қалса қалтасын қағып беретін халықты ашындырған да осы мәселе. Енді бүгін президент алдағы жылдары жем-шөптің түсімі де азаятынын айтып өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Ауыл шаруашылығына ерекше назар аудару керек. Соңғы жылы елімізде қуаңшылық болды, былтырға қарағанда жиналған астық көлемі 4 миллион  тоннаға кеміді. Бұл шикізатпен және жем-шөппен қамтамасыз ету ісіне әсер етті. Болжам бойынша биыл да ахуал күрделі болуы мүмкін. Үкімет тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселелерін және егін егу науқанын қатаң бақылауда ұстауға тиіс.

Қарапайым халық жүріп-тұратын көлік алайын десе, оның да бағасы аспандап тұр. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев утильдік төлемді қайта қарауды тапсырды. Соңғы жылдары еліміздің түпкір-түпкірінде "утильдік  алым халыққа қарсы жасалған, қаржы тұрғысынан қитұрқысы көп жүйе" деп ұрандатқан түрлі қарсылық шарасы өтті. Президент мұндай маңызды іспен шетелдердегі секілді мемлекеттік ұйым айналысу қажеттігін баса айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда «Оператор РОП» компаниясының қызметі көптеген сұрақ тудырып отыр. Тіпті осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастырылды. Мен Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырамын. Мұнымен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Алымдардың өзіне келсек, олардың мөлшерлемесі қайта қаралуға тиіс.

Ел қазынасын қампайтуға мүдделі кедендегі былық та шаш етектен. Әсіресе Қытаймен арадағы кеденде. Соның кесірінен түсім еселеп азайған. Енді бас прокуратура, қаржы министрлігі секілді билік өкілдері бірлесіп осы мәселені шешу керектігін шегелеп айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Кеденде, әсіресе Қытаймен шекарада тәртіп орнатудың астарында бюджетке кірісті арттырудың маңызды әлеуеті жатыр. Онда болып жатқан нағыз былықтар бәріне мәлім. Машиналар толық тексерілмейді, салықтар мен баждар төленбейді, Қытайдың кеден органдарымен салыстырмалы статистикасындағы сәйкессіздік миллиардтаған долларға жетеді. Қандай да бір қол сұғылмайтын мәртебесі бар уәкілетті операторлар бар. Еліміз салық түріндегі ондаған миллиард теңгені жоғалтуда. Бұлай жалғаса беруіне болмайды.

Президенттің  Қытай шекарасына қатысты нақ сөйлеуі бекер емес. Өйткені Қытаймен тауар айналымынан түскен қаражат азаматтардың жалақысына айналады. Мемлекет басшысы жылы орнында отырып жоғары жалақы алатындарға жағымсыз жаңалық айтты. Алдағы бес жылда олардың жалақысы өспейді. Президент депуттатардың, әкімдердің жалақысын көтеруге бес жылға мораторий жариялады. Бірақ айлығы өспесе де, оларға артылатын жұмыс азаймайды. Мемлекет басшысы өңірлердің дамуы біркелкі емесін атап, кенже қалған батыс және оңтүстік өңірлердің дамуын ілгерілетуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Үкіметке өңірлер үшін "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы» және басқа да бағдарламалар аясында жеке бағыт әзірлеуді тапсырамын. Себебі өңірлер дамуындағы әркелкілік  халықтың наразылығын тудырады. Әсіресе елді шикізатпен қамтамасыз етіп отқан өңірлерді атап өту керек. Бұл облыстар ел бюджетінің доноры болып отырса да, даму жағынан кейіндеп қалған.

 

Мемлекет басшысы жайлы орынға жайғасқан соң жұмысын ұмытып кететін шенеуніктерді сынға алды. Мемлекеттік саланың басшылары халықпен қарым-қатынас жасай алмайды, қорқады деп айыптады. Ал жылы орнын оңайлықпен босата қоймайтын шенеуніктермен қоштасу керек.

Экономикалық тұрақтылыққа негіз болатын құнды қағазды ғана емес, қағазбастылықтың өзінен де құтылуға нұсқау берді. Цинфрландыру деген жай ғана әдемі сөз емес, оны іс жүзінде орындау керек. Президент цифрландыруға көшу керегін айтты. Оның алғашқы қадамы жиналыстың көпшілігін онлайн форматта өткізу болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.