{metadescription}
«20-дан астам адам намаз оқимыз деп төсеніш сұрады» – Музейге шабуыл
«20-дан астам адам намаз оқимыз деп төсеніш сұрады» – Музейге шабуыл

«20-дан астам адам намаз оқимыз деп төсеніш сұрады» – Музейге шабуыл

Лаңкестер көне жәдігерлерді де қару ретінде кәдеге жаратпақ болған. Содырлар қылыш, найзамен қаруланбақшы болып Алматыдағы орталық мұражайға шабуыл жасаған. Алғашында музей қызметкерлері жарақат алған өз күзетшілерін көреді.  Артынша бір топ бұзақы нысанға баса-көктеп кіріп кеткен.

Бибігүл Дандығараева, ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары:

-Қанжоса болған, ақсаңдап, құлаған, сүйретілген өзіміздің күзет қызметкерлерін көрдім. Оның ішінде курсанттар да болды. Кіргізіп, алғашқы көмек көрсете бастадық. Қабырғалары сынған, қолы сынған, басы жарылған.

Мұражай қызметкерлері қансыраған күзетін ішке кіргізген. Ғимараттың құпия бөлмесіне апарып емдеп жатқанда бір топ жігіттер бейнебақылау камерасын сындырғанын көреді. 200-ден астам бұзақы есікті бұзып ішке кіріп, мұражайда сақтаулы тұрған орта ғасырлардағы жауынгерлердің  суық қаруын сұраған екен. Оқ өтпейтін кеудеше мен әскерилердің бас киімін киген содырлар мұражайды бес сағат музейді босатпай, алдағы әрекетін жоспарлап, намазын да оқыпты. Алайда әлдекімдерден нұсқау алған содырлар бір мезетте мұражайдан қашып шыққан.

Бибігүл Дандығараева, ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары.

-20-дан астам адам «намаз оқиық деп едік, төсеніш беріңіз» деді. Қара материалдар болған, жігіттерге айттым, олар алып берді. Намаз оқығанда бәрі тынышталып қалды.Кешкі тоғыздың уақытында тағы бір рет намазға жығылды. Меніңше, сол діни бағыттағы адамдар. Ұзын жігіт кірді, қара пальтосы бар. Мен алыста тұрғам. Кіріп соларды алып шығып кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде