{metadescription}
Үкімет жасақталды – 7 министр ауыстырылды
Үкімет жасақталды – 7 министр ауыстырылды

Үкімет жасақталды – 7 министр ауыстырылды

Жаңа Үкімет жасақталды. Жеті министр ғана ауысқан. Қалғаны алдыңғы Үкіметте қызмет атқарғандар. Роман Скляр премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Асқар Омаров ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары болған Ажар Ғиният бүгіннен бастап осы ведомствоның бірінші басшысы.

Президент әкімшілігі жетекшісінің экс-орынбасары Дәурен Абаев мәдениет және спорт министрлігіне басшылық етеді.

Қайырбек Үскенбаев өзі орынбасар болған индустрия және инфрақұрылым министрлігін басқаратын болды.

«Самұрық Энерго» директорлар кеңесіне төрағалық еткен  Болат Ақшолақов енді энергетика министрі.

39 жастағы Әлібек Қуантыров ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.

Мәжілістегі комитетті басқарған депутат Қанат Мусин енді Әділет министрі. 

Бұрынғы ақпарат министрі Аида Балаева енді Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.

Қалған ведомство басшылары өз лауазымында қалды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде