Қаржы ұйымдарының жұмыс тәртібі. Үш ай интервенция
Қазақстанның қор биржасы бүгін жұмысын бастады. Ұлттық валюта нығайып, бір апта бұрын ғана 436 теңгеден сатылған доллар 431 теңгеге дейін түсті. Бірақ ақша айырбастау пунктері жұмысын бастаған жоқ.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
11.01.2022
Екінші деңгейлі банктердегі және жекелеген ақша айырбастау орындары ертең ашылады. Сондай-ақ халықаралық төлемдер мен аударымдар қолжетімді болады.
Ұлттық банк төтенше жағдай басталғалы ішкі нарықтағы жағдайды бақылауда ұстап отырған. Қаржы ұйымдарынан түскен өтінімдер толық қанағаттандырылып жатыр. Бас банк қор биржасы арқылы валюта нарығындағы тұрақтылықты ұстап тұру үшін қосымша механизм ретінде үш айға дейін интервенция жүргізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!