{metadescription}
Әскерилерді тасуға бөлінген көліктер түгі қалмай жанып кеткен – Шымкент
Әскерилерді тасуға бөлінген көліктер түгі қалмай жанып кеткен – Шымкент

Әскерилерді тасуға бөлінген көліктер түгі қалмай жанып кеткен – Шымкент

Шымкентте арнайы жасақ қызметкерлеріне автобус берген автопарктер енді шығынын есептей алмай жатыр. Өйткені шеруге шыққандарды басу үшін әскерилерді тасымалдауға бөлінген көліктердің түгі қалмай өртеніп кеткен. 

Жанып кеткен автобустардың қаңқасы осыған дейін қала орталығында тұрса, енді елдің үрейін алмас үшін тасымалдаушы компаниялардың аумағына жеткізіліп жатыр. Қала әкімдігіне шабуыл жасалған кезде әскер тасымалдауға бөлінген ондаған автобустың ішінен төрт қоғамдық көлік қоршауда қалып қойған. Тіпті отқа оранған көліктер арасынан жүргізушілері әзер қашып құтылыпты. Қатты күйген темір қаңқасы енді металға да жарамсыз күйге түскен. Өртенген автобустардың шығыны әлі есептеліп жатыр. Ал жолаушылар тасымалы тоқтап қалмас үшін кәсіпкерлер өзге компанияларға жүгініп жатыр.

Әбдібек Үкібаев, жолаушы тасымалдаушы компаниясы директорының орынбасары:

-Әр бағытқа бекітілген кесте бар. Соған сәйкес толық штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз. Ал жанып кеткен, жүрмей жатқан автобустардың орнына жалға алу негізінде автобустар алып жатырмыз. Жанғыш заттарды лақтырған ғой ол жерде. Барлық автокөліктер солай болды.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде