{metadescription}
Ақтау қауіпсіздігін күзетуге 77 жастағы қария да қосылды
Ақтау қауіпсіздігін күзетуге 77 жастағы қария да қосылды

Ақтау қауіпсіздігін күзетуге 77 жастағы қария да қосылды

Ақтауда еріктілер тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырып жатыр. Қаланың қауіпсіздігін күзетуге 77 жастағы қария да қосылған. Олар  полицейлермен бірігіп жұмыс істейді.

Соңғы екі түнде Маңғыстау облысының полицейлері коменданттық сағатты бұзған 66 азаматты ұстаған. 105 автокөлік тексеріліп, 54-і жол ережесін бұзғаны үшін айып тұрағына қамалыпты. Енді қоғамдық тәртіп тіпті күшейе түседі дейді полицейлер. Себебі олардың қатарына еріктілер қосылды. Халық сақшылары қала қалыпты өмірге оралғанша күн сайын кешкі сағат 18:00-ден түнгі 12-ге дейін құқық қорғаушылармен бірігіп белгіленген аумақта тексеру жүргізеді. Негізгі міндеттері – тұрғындарға ескерту жасап, төтенше жағдай режимін түсіндіру. Белсенділердің арасында 45-і ішкі істер органдарының ардагерлері.

Нағашыбай Жариев, Маңғыстау облысы ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы:

-Келген ақсақал ардагерлеріміздің алды 77 жаста, соңғы жасы 45 жаста.  Өлкемізде көп жыл абыройлы қызмет істеген ішкі істер органдарының ардагерлері қоғамдық тәртіпті сақтауға жасақ есебінде полиция депаратментіне келіп және жан-жаққа қызметкерлермен бірге қарасып жатыр. Ардагерлер жалпы тек моральдық-патриоттық тәрбиеден басқа жас қызметкерлермен өзінің бай тәжірбиесімен бөлісіп, іс жүзінде көмек көрсетуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде