{metadescription}
Тоқаев Алматыны тезірек қалпына келтіріп, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды
Тоқаев Алматыны тезірек қалпына келтіріп, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Тоқаев Алматыны тезірек қалпына келтіріп, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскері ертеңнен бастап елден шығады. Бүгін лаңкестер салған ойранды өз көзімен көруге Алматыға келген президент Тоқаев бітімгерлерлік миссияны сәтті деп атап, Ұйымға мүше елдердің басшыларына алғасын айтты.

Мемлекет басшысы жедел штабтың отырысына қатысып, шаһардың қазіргі ахуалымен танысты. Шабуыл кезінде қаза тапқан полиция мен әскери қызметкерлердің жақындарына көңіл айтты.

Алматыда мемлекет басшысы өткізген жедел штабтың отырысында түрлі ведомства басшылары баяндама жасады. Барлығы қалаға қосымша күштер мен бітімгерлік әскерді жұмылдыруға қатысты берілген тапсырманың арқасында Алатау бөктері толықтай лаңкестерден тазартылды деп отыр.

Қазір қаланы тазарту және қалпына келтіру қарқынды жүріп жатыр. Әкім Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматыны жылу, электр, газ және сумен қамтамасыз ететін нысандардың бәрі қалтқысыз жұмыс істеп тұр. Өзге де тіршілікке қажет түрлі сауда, тамақтану, өнеркәсіп орындары мен жанармай бекеттері жұмысын жандандырған.

Жағдайға қаныққан Президент Үкіметтің алдында қала келбетін бұрынғыдан да жақсарту міндеті тұрғанын шегелеп, қалпына келтіру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсетуді тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде