Мерт болған әскерилердің балаларына ЖОО арнайы грант беріледі
Жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған әскерилердің балаларына жоғары оқу орындарынан арнайы гранттар беріледі. Президент пәрменін білім министрлігі орындауға дайын. Қазақстанда беделді шетелдік оқу орындарының филиалдары ашылады.
Автор: Әзиза Ғазезқызы
12.01.2022
Биылдан бастап халық тығыз аймақтарда техникалық грант саны да артады. Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарының 10 мың түлегі техникалық мамандықты игеріп, техник, инженер атанады. Білім сапасын арттыру үшін ведомство алыс аймақтарға үздік педагогтерді жіберуді де ойластырып отыр. Шалғайдағы балаларға сабақ бергісі келетін мұғалімдер айлықты көбірек алады. Тіпті тұратын үйі мен коммуналдық төлемін төлеп беруге әзір.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Гранттар Қазақстанның жетекші ЖОО-да оқу үшін бөлінетін болады. Сондай-ақ оқуын бітіргеннен кейін негізгі тұратын жерінде жұмыс өтеу көзделеді. Президенттің техникалық мамандықтарға басымдық беру туралы тапсырмасының шеңберінде осы техникалық бағыттарына бөлінетін мемлекеттік грант саны биыл 60 пайызға дейін ұлғайтылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!