{metadescription}
Медицина қызметкерлері де қауіптің ортасында қалған
Медицина қызметкерлері де қауіптің ортасында қалған

Медицина қызметкерлері де қауіптің ортасында қалған

Жаппай тәртіпсіздік кезінде медицина мекемелері мен қызметкерлері де қауіптің ортасында қалды. Лаңкестер ауруханаларды қоршауға алып, тірі жанды тырп еткізбеді. Тіпті жедел-жәрдем көліктеріне шабуыл жасап атқылаған. Бес медицина қызметкері жараланып, 32 қызмет көлігі зақымданған. 

№7 қалалық клиникалық аурухана үш күн қатарынан лаңкестердің қоршауында қалған. Мекеменің оқ тиген жерлері мен шағылған терезелері қалпына келтіріліп, дәрігерлер жұмысын қайта жалғастырып жатыр.

№7 қалалық клиникалық ауруханасы маңында атыс-шабыс басталғанда мұнда 500 науқас болған екен.  200-ге жуық беті бері қарағанын үйіне қайтарып үлгеріпті. 200-ден аса дәрігер жұмыс орнында қалып, бірнеше тәулік қамалып отырған.

Есенай Еспенбетов, №7  клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Науқастарды терезесі жоқ бөлмелерге ауыстырып, сол жаққа барлығымыз кеттік. Атыс болған кезде тереземізді шағып кетті. Қабылдау бөліміне де оқ атылды. Жансақтау бөлімінің терезелерін шақты. Олар бізді үрейде ұстап, сыртқа шығармай ұстап отырды. Сырттан оқ атып жатса да, іштегі науқастар толық ем-шарасын алып жатты.

Содырлар аурухана алдына от жағып, терезелерге оқ атқан. Қорқытқанымен қоймай, дәрі -дәрмек пен спирт талап еткен. Тіпті емдеу мекемесіне жедел жәрдем көліктерін жақындатпапты. Жаппай тәртіпсіздік басталған күні ауруханаға  40-тан аса  жараланған адам түскен. Оның 12-ін жағдайы  тұрақталған сәтте полицейлер алып кеткен.

Лаңкестер жедел жәрдем көліктеріне де шабуыл жасаған. Әйнегін таспен шағып, ішіне жарылғыш заттар лақтырған. 32 қызметтік көлік зақымданып, 4-і жөндеуге мүлдем жарамсыз күйге түскен.

Бүлік басталған күні 22 жастағы Серғазы Абылаев та кезекшілікте болған. Олардың станциясына көмек сұрап алғашқы қоңырау Республика алаңынан түсіпті. Бастапқыда тас пен таяқ ұстағандар болса, келесі күндері тек қарумен қорқытқанын айтады.

Серғазы Абылаев, фельдшер:

- Айғайлап, балағаттап ... Бізге қарай полиция қызметкерлерін жіберіңіздер, олар бізден қашып құтыла алмайды деп дөрекі сөйлеп, сонымен есікті ашып, теуіп, ұрып, қолдарында не бар, сонымен ұрып ... Білмеймін қай жақтан келгенін, қатты соққы алдым. Басыма зақым тиді. Немен ұрғаны белгісіз.

№7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері мен науқастардың өміріне еш залал келмеген. Ал қалада жедел жәрдем қызметінде істейтін бес адам зардап шекті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде