{metadescription}
0:000:00
Репортаж: Алматы әкімінің кабинеті –қираған терезеден тек Алатау көрінеді

Репортаж: Алматы әкімінің кабинеті –қираған терезеден тек Алатау көрінеді

Журналистерге бүлікшілер басып алып, өртеп жіберген Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын аралап көруге мүмкіндік туды. Қаңтардың бесінде өртке оранған ғимарттың қазір сау тамтығы қалмаған.

Әкімдіктің барлық қапталы мен қабаттары өртенген. Қала басшысы Бақытжан Сағынтаевтың кабинеті де түгі қалмай жанып кеткен. Бүгін ғимарат ішін тазалау жұмыстары басталыпты. Алайда әкімдік өкілдері нақты шығын көлемін айтуға әлі ерте деп отыр. Бірақ жүз пайыз қалпына келтіру керек. Мән-жайды КТК тілшісі көзімен көріп келді. 

Алматының қақ ортасында Республика алаңында орналасқан тарихи маңызы ғимараттың қазіргі көрінісі. Бұл жерде Алматы қаласының әкімдігі орналасқан. Алайда қаңтардың 5-і күні бүлікшілер әкімдікті басып алып түгін қалдырмай өртеп жіберді. Десе де қазір ғимарат маңында тіршілік қыз-қыз қайнап, түрлі тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Әкімдік ғимараты өртке оранғаннан бері журналистерді ғимарат ішіне бірінші рет кіргізіп отыр. Бұл әкімдіктің маңызды кіреберіс есігі. Шаң өте қалың, сондай-ақ әлі де ыстың иісі бар. Сондықтан бетперде киюге мәжбүрміз. Төбенің барлығы өртенген.

- Дәл қазір әкімдік ғимаратының екінші қабатына көтеріліп келе жатырмыз. Бұл жердегі еденнің де, төбенің де барлығы өртенген. Мына жерде үлкен зал болған. Өздеріңіз әлеуметтік желіде әлеуметтік желіден де көрген шығарсыздар, бүлікшілер әкімдікті басып алғанда «әкімдік біздікі» деп ұран салған болатын. Сол залдың қазір түгі де қалмаған. Орындықтар шашылған, өртеніп жатыр. Бірде-бір іске жарайтын дүние қалмаған.

Ғимарттың қай қабатына бармаңыз, өртенген дәліз бен кабинеттен аяқ алып жүре алмайсыз. Құдды соғыстан кейінгі қираған көріністер көз алдыңа келе береді.

- Ғимарттың алтыншы қабатында орналасқан бұл кабинетте қала өміріне қатысты маңызды құжаттарға қол қойылатын еді. Өйткені бұл кабинетте шаһар әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өзі отырған. Алайда алапат өрт бұл кабинеттің де түгін қалдырмаған. Тек қираған терезеден Алатау ғана көрініп тұр.

Десе бүгін құқық қорғау органдары рұқсат еткендіктен, ғимараттың ішін тазарту жұмыстары да басталған. Бұған 22 мердігер компания көмекке келіп, 600-ге жуық жұмысшы тартылған. 

Айдын Анарғалиұлы, жұмысшы:

- Бүгін келдік. Бір қабатқа 50 адамдай жұмылдырылған. Жұмысты бастап істеп жатырмыз. Көмек қой енді. Мынадайда қазақ бірігіп жұмыс жасамаса болмайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді.

Ал әкімдік өкілдері санаулы күндері тазарту жұмысын аяқтаймыз дейді. Содан сарпашылар ғимарттың іші-сыртын толықтай тексеруден өткізеді. Бірақ өртке оранған әкімдікті жүз пайыз қалпына келтіру керек дейді шенеуніктер.

Сапар Нұрашев, Алматы қаласы «Жайлы қала ортасы» басқармасының басшысы:

- Қазір тек тазалап жатырмыз. Арнайы сараптаушы компаниялар ғимаратты толық тексереді. Өздеріңіз білесіздер, екі күн бойы өрт болғаннан кейін ғимараттың қандай жағдайда тұрғанын білмейміз. Сарпшылар тексергеннен кейін ғана біз жобалау жасап, одан кейін құрылыс жұмыстарына кірісеміз.

Әзірге шығын көлемі және қалпына келтіруге қанша қаражат кететіні белгісіз. «Жұмысты жеделдетсек, жарты жыл ішінде қиындықты еңсеруіміз мүмкін» - дейді әкімдік өкілдері. Ал ойрандалған ғимартқа қарулы күзет қойылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде