{metadescription}
0:000:00
Елорда мен еліміздің 13 аймағында террористерді құрықтау операциясы аяқталды

Елорда мен еліміздің 13 аймағында террористерді құрықтау операциясы аяқталды

Елорда мен еліміздің 13 аймағында террористерді құрықтау операциясы аяқталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Алматы қаласы, Жамбыл және Алматы облыстарынан өзге өңірлерде лаңкестік қауіптің «қызыл» деңгейі алынып тасталды.

Алматы облысында комендаттық сағат қысқартылды. Дегенмен арқаны кеңге салуға әлі ерте. Әсіресе Алматы қаласы мен Жамбыл, Алматы облыстарында қылмыскерлерді ұстау операциясы әлі жалғасып жатыр.

Атырау облысында лаңкестікке қарсы операция толық аяқталды. Қауіптің «қызыл» деңгейі де алынып тасталды. Бірақ қатер сейілсе де  коменданттық сағат әлі күшінде. Сондықтан полиция департаменті тұрғындардың кешкі уақытта көшеге шықпауларын қатаң түрде ескертіп жатыр. Соның өзінде төтенше жағдай талаптарын бұзған 137 дерек тіркеліп отыр. Алкоголь өнімдерін сатқан нысандар да әлі анықталуда. Жауапты органдар бәріне әкімшілік іс қозғалатынын айтты.      

Хамза Үмбетқалиев, Атырау облысы ПД бастығы:

- ТЖ байланысты қала аумағында, облыс аумағында қазір жұмыс атқарылуда. Облыс тұрғындары соған түсінісушілікпен қарауға шақырамын. Қала аумағында болған жаппай тәртіпсіздікке байланысты қазір жедел іс-шаралар жүргізілуде. Қарулар тәркіленуде. Есірткі заттар тәркіленуде. Әкімшілік тәртіп бұзғандар да шақырылып соған байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазір мұнайлы өлкеде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 500-дей адам анықталып ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың арасында әскерилер мен полицейлерге күш қолданған қылмыскерлер де жетерлік. Тәртіп сақшыларына тиесілі қару-жарақ пен оқ өткізбейтін кеудешелерді үптеп кеткен қарақшылар да бар.

Атырау қаласы аумағында 5 азаматтан мыңнан аса психотропты дәрілер мен қару-жарақ тәркіледі. Қазір тәртіп сақшылары блокбекеттен өткен әр көлікті мұқиат тексеріп жатыр. Ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалаға түнде келетін жолаушылар үшін автобус шығарылды. 10 жолаушы көлігі қазір қала іргесіндегі ауыл тұрғындарын түнімен тасымалдауда.   

Жамбыл облысында қолға түскен бүлікшілерден гранатамет тәркіленген. Бұзақылардың әскери техниканы жюға арналған қауіпті қаруды қайдан алғаны түсініксіз. Қазір тергеушілер осыны анықтау үстінде.

Жалпы аймақта болған жаппай тәртіпсіздікке 2 мыңға жуық адам қатысты деген мәлімет бар. Бұзақылық жасады деген күдікпен 400-ден аса адам қамауға алынған. Олардан 104 қару-жарақ тәркіленген. Арасында «Калашников», снайпер винтовка сынды қарулар да бар. Лаңкестерден  гаранатаметтың табылуы күш құрылымының үрейін алса керек. Енді олар әркімнің қолында кеткен қаруды тезірек қайтарудың амалын іздеп жанталасуда. Тіпті өз еркімен қару-жарақ өткізгендер жазаға тартылмайды деп отыр.  

Бақыт Ратаев, Жамбыл облысының коменданты:

- Полиция бөліміне әкелуді сұраймыз. Қаруды, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оны ерікті түрде полицияға тапсырған азамттарға қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмайды. Құпиялыққа кепіл беріледі. 

Жаппай тәртіпсіздік кезінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен облыстық әкімдік өртеліп, тағы ішкі істер департаментінің 4 ғимараты қиратылып тоналған. Сол кезде бүлікшілер қару-жарақтарды ұрлап кетті деген бейресми дерек бар. Алайда құзырлы орын өкілдері бұған қатысты әзірге жақ ашпай отыр. 

Бүлікшілердің бас көтерген Алматыдағы Республика алаңы бірнеше күн бойына әскерилердің бақылауында болып, көлік те, адам да жүрмеген Сәтбаев көшесі бүгін ашылған. Жолдың екі бетіндегі бетон қоршаулар алынған. Көлік те, автобус та қазір емін-еркін осы жақпен жүйіткіп жүр.

Алматыдағы ахуалға тоқталар болсақ, жағдай күннен күнге тұрақталып, тұрғындардың да үрейі сейіліп келеді. Соңғы тәуліктің өзінде мың жарымнан астам күдікті ұсталғанын қала комендатурасы жеткізді. Нәтижесінде Бостандық және Түрксіб аудандарының аумағы қылмыскерлерден тазартылған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Лаңкестік тонау және басқа да қылмыстардың 1625 қатысушысы ұсталды. 38 атыс қаруы мен 1486 оқ-дәрі тәркіленді. 102 пультіне небәрі 961 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-орталығына азаматтардың жедел әрекет етуді талап ететін  215 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді.

17-қаңтарға дейін, яғни төтенше жағдай режимі аяқталғанша қала тұрғындарына түнгі 11 мен таңғы 7 аралығында далаға шығуға рұқсат жоқ. Кешеден бастап Алматы облысының тұрғындары да осы уақыт шектеуіне ауысты. Осыған дейін олар үшін комендаттық сағат кешкі 8-де басталатын.

Республика алаңында бүлік кезінде қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің құрметіне мемориал орнатылатыны бүгін белгілі болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде