{metadescription}
Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 140 көлік бүлінген
Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 140 көлік бүлінген

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 140 көлік бүлінген

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 140 көлік бүлінген. Өртеніп, оқ тиген темір тұлпарлар қала аумағынан тазартылды. Сау тамтығы қалмаған 40 машина құқық қорғау органдарына тиесілі. Патрульдік көліктер мен қоса қала іргесіндегі 13 экопост талқандалды. Тағы төртеуі тоналған. 

Төтенше жағдай режимі аяқталған соң да мұнда жүргізушілер тексерілмейді және айыппұл салуға мүмкіндігі жоқ.

Ал дүрбелең кезінде күлге айналып құр қаңқасы қалған көліктер қала сыртындағы айып тұрағында қаз-қатар тізіліп тұр. Бұл жерде қарақшылар шабуыл жасаған әскери жасақты таситын автобус, газель, жүк және инкассаторлық көліктері де бар.

Құзырлы органдар күл-талқаны шыққан машиналар тергеу аяқталғанша автотұрақта тұратынын айтады. Криминалдық полиция оқ атылған көліктерден саусақ іздерін алып бұзақыларды қолға түсірмек. Тәртіпсіздіктер кезінде атылып, тоналған темір тұлпарлардың қатарында қымбат маркалы көліктер көп.     

Бейсеғали Жүнісов, Алматы қаласы құтқару қызметінің директоры:

- Бұл жерге 5-інен бастап техникаларды әкеп жатырмыз. Оның ішінде жекеменшік және мемлекеттік те бар. Оның 47-сі өртенген, 48-іне оқ атылған машиналар. 32 көлікте адам қайтыс болған. Оқ атылған. Прокуратура айналысып жатыр. Көліктер жарамсыз күйде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.