{metadescription}
Сенаторлар: Шекара маңындағыларға материалдық көмекті ұлғайту керек
Сенаторлар: Шекара маңындағыларға материалдық көмекті ұлғайту керек

Сенаторлар: Шекара маңындағыларға материалдық көмекті ұлғайту керек

Шекара маңындағы тұрғындарға берілетін материалдық көмек мөлшерін ұлғайту керек. Бірнеше сенатор бүгін Үкіметке осындай талап қойды.

Смайыловтың атына жазылған депутаттық сауалда бұл мәселе елдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіндігін атап өтті.

Бұған Сенат депутаттары шекара маңында орналасқан аумақтардағы халық санын дәлел ретінде келтірді. Бүгінде шекараны күзетуге тартылған әскерилерді қоса алғанда, шамамен бір жарым миллион адам тұрады.

Қазақстандықтардың өз тұрғылықты жерін тастап ірі қалаларға көшу қарқыны өте жоғары. Бәрі жағдайын жақсартып жайлы өмір іздеп кетіп жатыр. Өйткені тұратын аймақтарында не мектеп, не аурухана, жұмыс та жоқ. Депутаттар шекара маңы аймақтарының тұрғындарына бизнес ашуға екі пайызбен жеңілдетілген несиелер беруді ұсынды. Сондай-ақ оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандарға материалдық көмек мөлшерін екі есе ұлғайту жөн деп санайды.

Ольга Булавкина, Сенат депутаты:

- Жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар мен қандастарға шекара маңындағы аумақтардың тартымдылығын күшейту мақсатында оларға тұрғын үй сатып алу мен жалға алуға субсидияны ұлғайту, сондай-ақ тұрғын үйді жалдауға және коммуналдық қызметтерге деп берілетін материалдық көмек мөлшерін отбасы мүшелерінің санына қарай 30-дан 38 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтуды ұсынамыз. Қазіргі уақытта материалдық көмек мөлшері 15-тен 21 айлық есептік көрсеткішке дейін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде