Туристер: Мың жарымға жуық отандасымыз шетелден орала алмай отыр
Шетелде Қазақстанға орала алмай отырған мың жарымға жуық азаматымыз бар. «Туристік қамқор» корпоратив қоры оның тағы 492-сін бүгін, ал 367 адамды ертең елге жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл тек арнайы компаниялар арқылы тур-кодпен кеткен отандастарымыз. Ал өз бетінше демалуға аттанғандарға көмектесу қордың құзырына кірмейді екен.
Автор: Салтанат Шырынхан
14.01.2022
Төтенше жағдай алдында жалпы 7636 демалушы туроператор және тур-кодтар арқылы Біріккен Араб Әмірліктері, Таиланд, Шри-Ланка, Мальдив аралдары, Үндістан, Түркияға ұшып кеткен. Оларды лек-легімен «Туристик қамқор» қорындағылар елге алдырып жатыр. Мәселен, кеше 717 адам Отанына оралған. Бастапқыда рейстерді Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласына қондырып, туристерді пойыз, не автобуспен өз өңірлеріне жеткізіп беріпті.
Инна Рей, «Туристік қамқор» қорының төрайымы:
- Туристер екі бөлімге бөлінген. Біріншісі, туристік компания арқылы аттанса, екіншісі жеке өздері кеткен. Өз еркімен кеткендерге ақпаратпен бөліскеннен өзге көмек түрін ұсына алмаймыз. Ал қолында тур-кодтары бар демалушылардың көп бөлігі қазір үйінде. Енді тек ПТР-тесті оң шыққандардың мәселесі кішкене шешімін таппай тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!