Жамбыл облысында тұрғындар қару-жарағын жаппай өткізіп жатыр
Жамбыл облысында тұрғындар қару-жарағын жаппай өткізіп жатыр. Бұған дейін аймақ коменданты қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырғандар еш жазаға тартылмайтынын айтқан.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.01.2022
Содан бері 102 нөміріне Тараз қаласы мен аудандардан толассыз қоңырау соғуда. түсуде. Бір тәулікте тәртіп сақшылары 40-тан аса қару мен оқ-дәрі қабылдап алған. Арасында анонимді ақпарат берумен шектелгені де бар. Мәселен, қоңырау шалған қала тұрғыны қарудың жатқан жерін ғана айтқан. Мекенжайға шұғыл жеткен құзырлы орган өкілдері үш Калашников автоматы мен гранатомет тапты. Қазір қауіпті заттар сараптамаға жіберілген.
Аймақтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар саны 2300 адамнан асты. 500-ге жуығы ұсталған. Олардан 143 қару-жарақ тәркіленді. Тұтқындау шарасы әлі де жалғасып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!