Қызылордада әскери жүк машинасын иемденіп алған қаскөй ұсталды
Қызылордадағы жаппай тәртіпсіздік кезінде әскери техниканы тартып алып, нысандарды талқандамақ болған күдікті ұсталды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.01.2022
5-қаңтар күнгі бейберекетсіздік кезінде қаскөй облыс әкімдігі маңындағы қақтығыста әскери жүк машинасын иемденіп алған. Сөйтіп көшедегі бақылау камераларын қиратып, артынша әкімшілік полиция басқармасының қақпасын бұзып кірген. Осылайша бұзақылардың ішке кіруіне жол ашып беріпті. Ал өзі оқиға орнынан бой тасалап үлгерген. Алайда күдікті көп ұзамай қолға түскен. Енді ол жасаған ісі үшін заң алдында жауап бермек.
Айдос Ақбаев, Қызылорда қалалық ПБ бөлім басшысының орынбасары:
- Жаппай тәртіпсіздік дерегімен және ҚР ҚК 202-бабы, 2 бөлігі, 1-тармағымен бөтеннің мүлкін жою дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті күзетпен ұсталып, қамауға алынып, бұлтартпау шарасы қолданылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!