Алматыда із-түзсіз жоғалғандар көбейген
Тәртіпсіздіктерден кейін із-түзсіз кеткендер көбейді. Алматыда еріктілер жоғалған туысын іздейтіндердің қарасы төрт есе артқанын айтады. Соңғы бір аптада қоғамдық қозғалысқа 106 адам хабарласса, оның алтауын еріктілер іздеп тапқан.
Автор: Асқарбек Қазанғап
14.01.2022
Қуаныш Майлыханов, ерікті:
- Оқиғаға байланысты аға-ініcін, күйеуін іздеген қарапайым халық хабараласып жатыр. Онымен қоса курсанттарды іздеген адамдар хабарласады. Көбінесе айтатын жауаптары бірсарынды, дүкенге шығып кетті, жұмысынан қайтып келе жатыр немесе алаңға фотоға түсуге барған деген ақпарат береді. Митингіге шықты деп көбісі айтпайды.
Еріктілер бірінші кезекте аурухана, полиция, мәйітханаға хабарласып, жоғалған адам туралы ақпаратты нақтылайды. Ол жақтан табылмаған жағдайда ғана аты-жөні, фотосы көрсетілген парақшаларды көшелерге іледі. Қазір бұл жұмысқа жұмылдырылған еріктілердің саны күн санап артуда. Сонымен қатар полиция департаменті қала тұрғындарына жоғалған туысы бойынша жергілікті полиция бөліміне хабар беруге, соңғы рет қайда көргенін айтуға кеңес береді. Ресми тіркелген арыз бойынша іздеу жарияланғандардың дені табылды дейді.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
- 4-қаңтардан бері Алматы қаласының полиция басқармаларына адамдардың із-түзсіз жоғалғаны жайлы 22 ресми арыз түсті. 15 адам табылып, тағы жетеуін іздестіріп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!