{metadescription}
0:000:00
Алматы: Қаза тапқандар. Жараланғандар. Ұрланған қарулар

Алматы: Қаза тапқандар. Жараланғандар. Ұрланған қарулар

Алматыда дүрбелең кезінде 149 адам қаза тапқан. Оның 11-і құқық қорғау органының қызметкерлері. Қақтығыстан зардап шеккен 110 адам ауруханада жатыр. Шаһардың бас полицейі бейбіт шеруді бүлікке айналдырғандар 1300-ден астам қаруды қолды қылғанын жеткізді.

«Тіпті мәйітханаға 7 мәрте шабуыл жасап, 41 адамның денесін алып кетті» - дейді Қанат Таймерденов. Алматыда терроризмге қарсы операция әлі аяқталған жоқ.

Қаңтардың басындағы қақтығыстан қатты жапа шеккен – Алматы. Дүрбелең кезінде шаһарда 149 адам қаза тапса, оның 11-і құқық қорғау органының қызметкері. Түрлі жарақат алған тағы 110 адам қазір ауруханада жатыр. Бейбіт шеруді бүлікке айналдырғандар билік өкілдері мен полицияға күш көрсетіп  стратегиялық нысандарды басып алуға жастарды үгіттеді дейді қаланың бас полицейі Қанат Таймерденов.

Қанат Таймерденов, Алматы қаласы ПД бастығы:

- Барлық әрекет нақты және ұйымдастырылған болды. Адамдар жиналған жерге таяқ, сақа, тас, кеспекше тас, бөтелкеге толтырылған бензин және алкогольді ұйымдасқан түрде алып келген. Лаңкестік топтар бір уақытта қару-жарақ дүкендерін басып алды. Бүгінде 1347 қару ұрланды. Оның ішінде 501 мылтық, 807 тегіс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қару.

Қала әкімдігінен бөлек, бұзақылар полиция департаменті мен басқармаларына да залал келтірген. Соның салдарынан полицияның 9 фронт-кеңсесі, 19 модуль бөлімше мен 13 экологиялық бекеттің күл-талқаны шыққан. «Мұздай қаруланған қаскөйлер мәйітханаға 7 мәрте шабуыл жасап, 41 адамның денесін алып кеткен», - дейді полиция департаментінің бастығы.   

Қанат Таймерденов, Алматы қаласы ПД бастығы:

- Биліктің беделіне нұқсан келтіру үшін қылмыскерлер полиция мен әскери қызметкерлердің киімін киіп алған. Алаңның периметрі мен қаланың орталық көшелерінде 493 бейнебақылау камерасы істен шыққан. Тәртіпсіздік кезінде 356 көлік зақымданды және жойылды. Оның ішінде 163 полицияның қызметтік көлігі. Барлық күдікті фактілер мен адамдар туралы полицияға хабарлаңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде