{metadescription}
0:000:00
«Самұрық-Қазына» холдингін толық трансформациялау қажет

«Самұрық-Қазына» холдингін толық трансформациялау қажет

«Самұрық-Қазына» холдингін толық трансформациялау қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында қордың қызметін сынға алған болатын. Бүгін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында үлкен өзгерістер қажет екенін тағы бір еске салды.

Алдымен үкімет пен қор арасындағы байланыс бұрынғыдай болмауы тиіс. Мемлекеттің экономикаға қатысы азайтылуы керек. Осы тұрғыда «Самұрық-Қазынаның» активтерін жекешелендіру ісі жандандырылуы қажет.  Президент Үкіметтен нақты іс-әрекет күтеді.

Берік Уәли, ҚР президентінің баспасөз хатшысы:

- Қордың портфель компаниялары – ұлттық экономиканың жүйе құраушы құрылымдары. Сондықтан қазір экономиканы құрылымы жағынан қайта құру және ресурстарды ел игілігіне бағыттау жөніндегі міндеттердің орындалуы қордың жұмысына байланысты. Мемлекет басшысының пікірінше, үкімет ең алдымен басқару құрылымдарын қысқартумен айналысуы керек. Сонымен қатар мемлекет пен халықтың мүддесіне бағытталған табыстарды арттыру үшін «Самұрық-Қазына» мен үкімет арасындағы өзара қатынас сипатын өзгерту қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.