Қызметінен кетем деген Меркі әкімі көпті алдаған екен
Сөзінен "секірген" әкім! Жамбыл облысындағы жаппай наразылық кезінде халықтың қысымына шыдамай қызметінен кетем деген Меркі ауданының әкімі көпті алдаған екен. «Отставкаға өз қалауыммен шықтым» деп тұрғындардың қолын алған Руслан Нұрсипатов орнында әлі отыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
17.01.2022
- Он ай жұмыс істедім. Сіздердің сұраныстарың солай болса, мен өз еркіммен отставкаға бердім. Сау болыңыз!
- Міне, жігіт! Енді осыны халықтың алдында бір рет айтыңыз.
Халықпен қоштасып кеткен шенеунікті аудандық әкімдіктің жеке парақшасында екі күн бұрын жария болған суреттері ұстап берді. Онда Руслан Нұрсипатовтың онлайн жиындарға қатысқаны жазылған. Тек осыдан кейін ғана бұқара аудан әкімінің алдап соққанын білді.
Атқамінердің жаппай наразылық кезінде неліктен мұндай шешім қабылдағаны түсініксіз. Ел арасында Нұрсипатов дүрліккен жұрттың қаһарынан қорқып амалсыз осылай деп айтуға мәжбүр болған деседі. Ал облыс әкімінің баспасөз қызметі Руслан Маратұлының өтінішін аймақ басшысы «Бердібек Сапарбаев қабылдамай қойды» деген ақпарат таратты.
Меркі ауданының әкімі Руслан Нұрсипатов бірнеше аудан тұрғындары алдында өзінің қызметін тоқтатып отставкаға кететінін айтқан болатын. Бірақ облыс әкімі аудан әкімінің өтінішін қабылдамады. Қазір Руслан Маратұлы қызметін атқарып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!