{metadescription}
0:000:00
Соңғы тәулікте 11 мыңнан аса адам КВИ жұқтырған

Соңғы тәулікте 11 мыңнан аса адам КВИ жұқтырған

Елімізде корнавирус жұқтырғандар саны күн сайын көбейіп барады. Соңғы бір тәулікте індет жұқтырған 11 мыңнан аса науқас анықталды. Қазір барлық аймақта жағдай мәз емес.

Тек Түркістан облысынан өзге өңірлер «қызыл» аймаққа енген. Вирустың тез тарауын мамандар «омикрон» штамынан көреді. Африканың оңтүстінен шыққан осы штамм жылдам тарғанымен, жеңіл өтеді екен.

Маңғыстауда үшінші тоқсан басталғанымен, оқушы саны 600-ден асатын мектептің балалары сабаққа бара алмай отыр. Санитар мамандар бастауыштағы бірінші және екінші сыныптан өзгелеріне мектепке келуге тыйым салған. Сондықтан эпидахуал дұрысталғанға дейін қалған балалар қашықтан оқиды. Мұндай шектеу «қызыл» аймаққа енген барлық өңірлерге енгізілген.

Светлана Төлебаева, Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы:

- Ақтау және Жаңаөзен қалаларында орналасқан 600 балаға дейінгі оқушысы бар мектептерде дәстүрлі форматта, 600 баладан жоғары контингенті бар  1-2 сыныптар штаттық режимде, 3-5 сыныптар кезекші сыныптарда сабақ процесін бастады. Штаттық режимде барлығы 119 091 білім алушы сабақ оқиды. Қалған 47 799 оқушы онлайн форматында оқытуды бастады.

Атыраудағы Теңіз кен орнында400-ге жуық науқас аурухана жатыр. Олар толық емделмейінше үйіне шығарылмайды. Жұмысшылардың көбі вирусты вахтада жүріп жұқтырған. Қазір Теңіз кен орнында науқастарға қосымша 1000 төсек орын жасақталды. Ал облыстық инфекциялық ауруханада 130 керуерт дайындалған. Қазір Атыраудағы 200 орындық модульдік стационарда мүлде орын жоқ.

Ербол Меңдіғалиев, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы: 

- Соңғы он күнде науқас саны бес есеге көбейіп отыр. Бүгінде ауруханаға лық толу 19 пайызды құрап отыр. Қазір темір жол ауруханасына және туберкулез аруханасына қарасты КВИ стационары ашылды, 100 орынға салынып жатыр. Облыстық аурухана мен кардиологиялық ауруханаға жатқызылған жоқ.

Осыдан небәрі бір апта бұрын Ақтөбенің ауруханаларында Сovid-19 жұқтырған бала жоқ еді. «Қазір күннен-күнге көбейіп жатыр», - дейді дәрігерлер. Қауіпті індетпен ауырған 16 жүкті келіншекті де дереу ауруханаға жатқызған. Мамандар аймақтағы вирустың тез тарауын «омикрон» штамынан көріп отыр. Бұл штамм жылдам тарап, вирус бұрынғыдай өкпеге емес, тамаққа жабысады екен. Сонымен қатар сай-сүйегіңді сырқыратады дейді дәрігерлер.

Бекболат Ізбасаров, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазір облыста «омикрон» зертханада расталғаны жоқ. Бірақ таралуының жылдамдығына қарап «омикрон» Ақтөбеге де жетті деген бір болжаймыз.

Соңғы тәулікте елімізде 11 мың 524 адам вирус жұқтырған. Күні кеше осы қауіпті індеттен төрт адам көз жұмса, 275 науқастың жағдайы ауыр. Қазір «сары» аймақта небәрі бір ғана өңір қалды. Түркістан облысынан өзге өңірлер «қызыл» аймақта. Ел астанасында бір күнде КВИ жұқтырғандар 5 мыңға жуықтаса, Алматыда мың жарымға жетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.