{metadescription}
0:000:00
Алматыда заманауи роботтар көрмесі қайта ашылды

Алматыда заманауи роботтар көрмесі қайта ашылды

Алматыда заманауи роботтар көрмесі қайта ашылды. Жұрттың назарына шетелдік құлтемірлердің 80-ге жуық түрі ұсынылған. Келген қонақтар виртуалды әлем арқылы ғарышқа ұшып, адаммен диалог құрып, қолғабыс бола алатын техника жетістігін тамашалай алады.

Роботтар фестивалінің ең көрнекті экспонаттары ю-туб желісіндегі танымал бейнелермен белгілі. Қиялындағыны қабырғаға немесе басқа да жазықтыққа бейнелей алатын робот-суретшіден бастап бұйрығыңызды бұлжытпай орындайтын робот-иттер де бар.

Әлемдегі алғашқы робот-балықтың да үлкен аквариумда жүзгенін көресіз. Ал робот адам әңгіме-дүкен құрып, әзіл айтып, үй шаруасына көмектеседі.

Дарья Якушева, Роботтар фестивалінің жетекшісі:

- Роботтардың ерекшелігі – кішкентай баланы ойнатады, оқытады, тағамға қажетті қоспаларды табады. Роботтар Қытай, Америка, Ресей, Жапония және өзге де мемлекеттерден келген.

Келушілер 80-ге жуық сан түрлі роботтардың әр қилы өзіне тән ерекшеліктерімен танысады.

Көрме қонақтары виртуалды әлемге еніп, мұхиттың түбі мен ғарышты өз көзімен көретін болады.

Дарья Якушева, Роботтар фестивалінің жетекшісі:

- Қонақтады бірінші кезекте экскурсиядан өткіземіз. Ол жақта роботтар туралы барлығын көрсетіп, айтып береді. Келесі формат еркін түрде өтеді. Қонақтарымыз виртуалды жеделсатыға отырып ғарышты көре алады. Немесе мұхит түбін зерттеуіне де болады.

Роботтар фестивалін Атакент көрме орталығынан тамашалай аласыз. Көрсетілім уақыты 20-ақпанға дейін таңғы сағат 10-нан кешкі 9 аралығында жұмыс істейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде