{metadescription}
Зардап шеккен сарбаздар қатарға қайта қосылып жатыр
Зардап шеккен сарбаздар қатарға қайта қосылып жатыр

Зардап шеккен сарбаздар қатарға қайта қосылып жатыр

Еліміздегі дүрбелең кезінде Ұлттық ұланның екі сарбазы қаза тауып, 400-ге жуық жауынгер түрлі жарақат алған. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұланның 100 техникасының күл-талқаны шыққан. Қаңтардағы қақтығыстан зардап шеккен сарбаздардың жігері мұқалмай, қатарға қайта қосылып жатыр.

Қазір ұландықтар қала көшелерін полициямен бірге аралап қоғам тыныштығын күзетуге кіріскен. Қалада кешелі бері 147 күдікті ұсталып,  қамауға алынғандардың жалпы саны 3 мың адамға жуықтады. Қазір елеміздің екі ірі қаласы мен бес облысында төтенше жағдай режимі сақталуда.

Комендаттық сағат ертеңнен бастап алынып тасталуы мүмкін. 

Елде қаңтардың басындағы қақтығысты көрген түстей еске алды. Ұлттық ұланның офицері қолына таяқ, арматура ұстаған қызуқанды топтан оңбай таяқ жеген. Көзі қанталаған адамдар алдына шыққан әскерилерді ұрып-соғып қана қоймай, қалқан мен касканы шешіп алуға тырысты дейді ол.  

Қазыбек Елдес, 5571 әскери бөлімінің аға лейтенанты:

- Шеттен, оң жақтан бізге шабуыл жасады. Мен саптан бөлініп кеттім. Сосын он шақты адам жабылып кетті. Қолдарында арматура, ағаш болды. Аяғыма қатты соққы тиді. Мен отырып қалдым. Басымдағы қалқанды тартып алғысы келді. Бірақ ол дұрыс байланған соң ала алмады. Тас екі рет басыма тиді. Сол кезде каскам көмектесіп қалды.

Серік те бұзақылармен бетпе-бет келгендердің бірі. Ұлттық ұланның әскери қызметкері бұзақылар ешкімді тыңдамай, бірден бас салғанын айтады. Бұйрықты бұлжытпай орындаған жауынгер сол оқиғадан жапа шексе де, жігері мұқалмай қатарға қайта қосылған. 

Серік Салыбаев, 5571 әскери бөлімінің лейтенанты: 

- Иығыма тас тиді. Арқамнан дубинкамен ұрды. Басымды шлем ғана қорғап қалды. «Бізге қосылыңдар» дейді. Біз қосылған жоқпыз. Қолдарында қару болды. Көзді ашытатын жарылғыш заттары болды. Бізге лақтырды. Біз демала алмай қалдық. Олар болса не қолданып алғандары белгісіз. Оларға көзді ашытатын жарылғыш заттар әсер етпейді.

Елдегі бейберекетсіздіктер кезінде Ұлттық ұланның екі жауынгері қаза тауып, 400-ге жуығы түрлі жарақат алған. 100-ден астам әскери техниканың күл-талқаны шыққан. Төтенше жағдай жарияланғалы ұландықтар бұрыңғыдай тек резеңке таяқпен ғана емес, ұрыс қаруын да асынып, күні-түні қоғам тыныштығын полициямен бірге күзетуде.

Асқар Мұқашев, 5571 әскери бөлімі штаб бастығының орынбасары:

- Төтенше жағдай кезінде 5571 әскери бөлімінің Алматы полиция департаменті бастығының шешіміне сәйкес күнделікті 320 адам қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылады. Төрт ауданға тағайындалады. 80 бағытта қызметін атқарады. Қаруды Ұлттық ұланның заңына сәйкес, шабуыл жасаған жағдайда және сол шабуылға тойтарыс берген кезде қолданылады.

Алматыда террористерге қарсы операция әлі де жалғасып жатыр. Полиция мен Ұлттық ұлан сарбаздары күдікті азаматтардың құжатын тексеріп, аудандарды лаңкестерден тазартуда. Осындай іс-шара барысында соңғы тәулікте 147 күдікті ұсталған. Жалпы 5-қаңтардан бері шаһарда тонау, адам өлтіру және басқа да қылмыстарға қатысы бар үш мыңға жуық адам қолға түсіп, барлығынан 131 атыс қаруы мен 4 179 оқ-дәрі тәркіленген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде