{metadescription}
Қосымша үстемақы: 15 күн күзетке 150 мың теңге
Қосымша үстемақы: 15 күн күзетке 150 мың теңге

Қосымша үстемақы: 15 күн күзетке 150 мың теңге

15 күн күзетке 150 мың теңге. Төтенше жағдай кезінде ел тыныштығын сақтауға бар күшін салған ұлттық ұланның сарбаздары мен полицейлерге қосымша үстемақы төленеді. Министр Тұрғымбаев тәртіп сақшыларына 150 мың теңгеден беріп, рақметін осылай жеткізбек.

Ал ішкі істер министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарында оқитын студент-курсанттар мен ішкі әскер сарбаздарына қаржылай емес, бағалы сыйлық береміз дейді еліміздің бас полицейі.

Президент қанды қаңтарда адам қолынан қаза тапқан әскерилерді орденмен марапаттаған. Мемлекет тарапынан отбасыларына пәтер беріліп, балаларына университетте тегін оқуға гранттар бөлінген еді.

Қауіп сейілсе де ведомствоның жұмысы әлі тыншыған жоқ. Олар аса маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейтті. Мамандандырылған күзет 73 дипломатиялық ғимаратты қару асынып, қарауылдап тұр.

Төтенше жағдай басталған 5-қаңтардан бері полицейлер мен Ұлттық ұлан сарбаздары күн-түнге қарамай, сапта.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Қайтыс болған Ішкі істер қызметкерлерінің отбасыларына біржолғы өтемақы төлеу. Жақында қаңтарда террористер қолынан полиция мен Ұлттық  ұланның  8 қызметкері қайтыс болды. 2911-і жарақат алды. Ерлікпен қаза болған ІІ және ІІІ дәреже «Айбын» орденімен марапатталды. Олардың отбасына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Заң бойынша қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан қызметкерлердің отбасына 5 жылға ақшалай өтемақы, жерлеуге 3 айлық өтемақы төленеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.