{metadescription}
«Яндекс.Такси» компаниясына қатысты тергеу басталды
«Яндекс.Такси» компаниясына қатысты тергеу басталды

«Яндекс.Такси» компаниясына қатысты тергеу басталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Яндекс.Такси»-ге қатысты тергеу бастады. Серік Жұманғариннің айтуынша тексеріске жедел желіге төтенше жағдай режимі кезінде бағаны негізсіз көтерді деп азаматтардан толассыз түскен шағым себеп болған.

Серік Жұманғарин, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:

- Бас прокуратура агенттік қызметкерлерімен бірлесе отырып нарықтың сауда-саттыққа ұйымдастырушыларға қатысты 102 субъектісіне тексер бастады. Қосымша жедел желі бойынша алынған шағымдар шеңберінде агенттік «Яндекс.Такси» агрегаторына қатысты экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша тергеу-тексеру тағайындады.

Алайда қазақстандықтардың қандай мағынада көбірек шағым түсіргені әзірге белгісіз. Десе де кейінгі кездері қоғамда «Яндекс. Такси» қызметіне қатысты көптеген сыни пікір айтылып жүр. Клиенттер арасында такси құнының шарықтап кеткенін айтып дабыл қаққандар бар. Тіпті бір ай бұрын Ақтөбе және Шымкент қаласында «Яндекс.Такси»-мен нәпақасын айырып келген жүргізушілер де наразылық танытты. Олар комиссия құнының қымбат екенін, әр клиенттің төлеген ақшасынан 17-20 пайыз ұсталатынын айтып шағымданған. Сол кезде таксишілер «Яндекс.Такси» сервисі Ресейдікі болған соң, білгенін істеп отыр деп қынжылыс білдірген. Ал соңғы жағдайға байланысты компания екіұшты жауап қайырып отыр.

Яндекс Go баспасөз қызметі:

- Біздің сервис қалыпты түрде жұмыс істейді. Мемлекеттік органдардан біздің және бүкіл нарықтағы қызметтің аспектілерін түсіндіру туралы өтініш ара-тұра алып тұрамыз. Біз оларға әрқашан белгіленген мерзімде және толық көлемде жауап береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.