{metadescription}
Бір тәулікте елімізде 9698 адамнан коронавирус анықталды
Бір тәулікте елімізде 9698 адамнан коронавирус анықталды

Бір тәулікте елімізде 9698 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша алдыңғы үштікте Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысы тұр. Мамандар бұлай жалғаса берсе, пандемия басындағыдай елдегі денсаулық сақтау жүйесіне ауыр жүк түсетінін айтады. 

Айгүл Шәтекова Қарағанды облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің ресми өкілі:

- Қарағанды облысында эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. Бүгінде пандемия басталғалы бері коронавирус инфекциясының 117 мың жағдайы, өткен тәулікте 1371 жаңа жағдайы тіркеліп отыр. Жаңа штамның тез таралуы денсаулық сақтау жүйесіне жоғары жүктеме әкелуі мүмкін және Дүниежүзілік денсалық сақтау ұйымы оның қаупін өте жоғары деп бағалайды.

Соңғы бір тәулікте елімізде 9698 адамнан қауіпті кесел анықталды. Ауру әсіресе Нұр-Сұлтан қаласында асықынып тұр. Елордада бір күнде 3700-ден астам науқас тіркелді. Екінші орында 1371 адамнан ауру белгілері табылған Қарағанды облысы тұр. Алматы қаласы үшінші орында. Соның салдарынан елде күніне 50 мыңнан аса ПТР-тестілері жасалып жатыр. Қалған өңірлерде де аталмыш кесел кеулеп барады. Елімізде Түркістан облысынан өзгелері түгел «қызыл» аймаққа өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде