Бақыт Сұлтанов: Бағаны негізсіз көтергендер жауапқа тартылады
Инфляция деңгейі төмендесе де, баға тұрақтанбай тұр. Өткен жылдың қыркүйек айында 8,9 пайыз болса, желтоқсанда бұл көрсеткіш 8,4-ке төмендеген.
Автор: Елдос Есенбол
18.01.2022
«Мұның өзі де тым жоғары», - дейді премьер-министр Әлихан Смайылов. Сондықтан қарамағындағыларға шұғыл іске кірісуді тапсырды. Министрлер әдетінен жаңылмай, қағаздан бас алмаған күйі тиісті шараларды орындауға дайынбыз деп кетті.
Мысалы, сауда және интеграция министрі, премьер-министрдің орынбасары Бақыт Сұлтанов инфляция деңгейін тежеу үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу керек дейді. Ал ауыл шаруашылығы министрлігінің бұл бағыттағы жұмыстары жаттанды. Ірі және ұсақ малды экспорттауға тыйым салу, картоп пен сәбізді шекардан асыруды тоқтату. Бір қызығы, бұл шараларды министрлік үкімет желтоқсанда айында бастап кетсе де нәтижесі көрінбейді.
Бағаны тұрақтандыруға бағытталатын шаралар арасында азық-түлік корпарациясының арзан астығы да бар. Бақыт Сұлтанов енді бұған қоса монополияға қарсы органның құзіреті шеңберінде бақылауды күшейту керек дейді. Тіпті бағаны негізсіз көтергендер әкімшілік жауапқа тартылады деді.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Қазір негізгі азық-түлік түрлерінің бес айлық қоры қамтамасыз етілген деуге болады. Бұл нарықтағы тапшылықты болдырмауға кепілдік береді. Сауда үстемелері мен мемлекеттік сыйақыларға бақылауды күшейту мен шекті бағаларды уақытылы енгізуге бағытталған шаралар. Әкімдіктер тарапынан сауда үстемесінің сақталуына және сауда желілерінің сыйақы алмауына күшейтілген мониторинг пен бақылау жүргізілетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!