Өскемен: ТМК қызыл түтіні экологияға орасан зиян келтірген
Өскемендегі титан-магний комбинатынан шыққан қою қызыл түтіннен экологияға орасан зиян келгені анықталды. Алайда қоршаған ортаға қауіп төндірген кәсіпорынға небәрі төрт жарым миллион теңге айыппұл салынған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
18.01.2022
Жаңа жыл қарсаңында комбинаттан будақтаған қызыл түтінді тұрғындар видеоға түсіріп әлуметтік желіге жүктеген. Мұны көрген экология департаменті ауаны ластау дерегімен тексеріс жүргізді. Мамандар алған сынама нәтижесінде көміртегі оксиді тоғыз есе, ал хлор ластаушы заты қалыпты деңгейден екі есеге көп бөлінгенін анықтаған. Қою қызыл түсті түтін комбинаттың арнайы құрылғыларын тазалау кезінде бөлініпті.
Рауан Тұраров, ШҚО бойынша бас мемлекеттік экология инспекторы:
- Қазіргі күні мекеме айыппұлды толық төледі. Сонымен қатар келешекте қателік болдырмау мақсатында сәйкесінше нұсқамалар берілді. Бұл нұсқаманы тексеретін боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!