{metadescription}
Шымкент: Құрылыс компаниясы үйлердің шаршы метрін жеп қойған
Шымкент: Құрылыс компаниясы үйлердің шаршы метрін жеп қойған

Шымкент: Құрылыс компаниясы үйлердің шаршы метрін жеп қойған

Шымкентте олигархқа тиесілі құрылыс компаниясы өзі тұрғызған  үйлердің шаршы метрін жеп қойған. Оңтүстік Құрылыс сервис компаниясы бизнес санаттағы «Бақыт» тұрғын үй кешенін үлескерлер ақшасымен салған. Бірақ бағасы қымбат баспаналардың іші тар болып шықты.

Сөйтсе 100 шақты пәтердің ауданы құжат бойынша сәйкес келмейді екен. Осыны айтып тұрғындар талай мәрте сотқа шағымданған. Алайда Шымкенттегі ең ықпалды кәсіпкерге тиесілі компанияға ешкімнің тісі батпайды дейді жиналғандар.

«Бақыт» тұрғын үй кешенінің жарнамасын көріп үй алғандар бақыттан басы айналмақ түгілі, енді оңбай алдандық деп жүр. Құрылысы басталмай жатып-ақ, үлескер ретінде әр шаршы метрін 180 мен 300 мың теңге аралығында сатып алған тұрғындар пәтерлердің келісімшарттағы ауданымен сәйкес емес екенін кілтті алғанда бір-ақ біліпті. Шу көтерген тұрғындар құрылыс компаниясына барғанда «айырмашылығын ақшалай қайтарамыз» деген уәде беріп, бірақ сөзінде тұрмапты.

Сәбит Қалменов, тұрғын:

- Үлескерлікпен қатысу шартында 96 шаршщы метр деп берді. Біз оның толық ақшасын шарт бойынша төледік. 180-мен алғам. Сонымен енді соңында сатып алған кезде 86 шаршы метр екенін білдік. Көзіміз жетті, техникалық құжатпен. Есеп бойынша бізге миллион 700 мыңның орнына 500 мың ұсынды. Ол 500 мыңға алмаймыз деп келіспедік. Заңгер жалдадық.

Бизнес санаттағы үйде тұрамыз деп несие алған тұрғындардың құрылыс  сапасына да көңілі толмайды. Себебі жаңбыр жауса жоғарғы қабаттан су тамшылайды. Қисық қаланған қабырғаларды түзету үшін де талай шығындалдық дейді. Ал жертөледегі су тұрғын үй берілгелі бері дегдімеген. Қабырғалары көгеріп сыз тарта бастаған су жаңа үй қисайып кете ме деп алаңдаулы жиналғандар.

Үлескерлер желінген шаршы метрлердің ақшасын қайтарып алуға бекінген. Тіпті заңгер жалдап соттасуда. «Бірақ құжат бойынша да, іс жүзінде де көрініп тұрған заңсыздықты судья көзге ілмейді» дейді тұрғындар.

Әлішер Тұрабаев, заңгер:

- Шымкент қаласындағы ең ірі компания Оңтүстік Құрылыс сервистің үлестас компаниясы болып табылады. Ол жергілікті олигархтың астында. Соған қызмет етеді деген күдігіміз бар. Яғни соның арқасында біздің сот органдарына соның ықпалы бар деген бізде қорқыныш бар.

«Бақыт» тұрғын үй кешенінің қожайыны әрі құрылысын жүргізген компания тұрғындар келісімшартты түгел оқымай қол қойған деп отыр. Яғни жоба құжатында уәкілетті компания шаршы метрді алып қосуға құқы бар деген пункт болған. Кей пәтерлерде шаршы метр аз болса, есесіне өзге бір пәтерлердің шаршы метрі көп деп ақталды.

Марлен Ережепов, Оңтүстік құрылыс сервис компаниясының заңгері:

Бұл мәселемен бізге 30 шақты үлескер шағымданған. Соның 20-сы біз ұсынған айырма ақшасын алуға келісті. Қалғандарымен соттасып, көпшілігін жеңіп жатырмыз. Ал бірақ нақты қанша пәтердің шаршы метрі келісімшарттағы көрсетілген ауданмен сәйкес келмейтінін біз білмейміз.

Суға толы жертөледе жұмыс жүргізіліп жатқанын айтқан компания өкілдері тұрғындар шағымды құрылыс компаниясының кеңсесіне келіп айтуға болады дейді. Ал «Бақыттан» баспана алып, басымыз бәлеге қалды дегендер Шымкенттен әділдік таппайтынына сенімді. «Сондықтан білгенін істеп отыр» деген бай компанияға қатысты Жоғарғы сотқа шағым түсірмекші. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде