Қақтығыстан күл-талқаны шыққан көлік иелері шығынын өтей алады – Алматы
Алматыда қаңтардағы қақтығыстан күл-талқаны шыққан көлік иелері шығынды өтей алады. Көлігі бүлінген жүргізушілер алдымен полицияға арыз жазуы тиіс. Қалада тәртіпсіздіктер кезінде жалпы 400-ге жуық көлік зақымданса, оның 155-і жеке және заңды тұлғаларға тиесілі.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
19.01.2022
Қазір арнайы құрылған комиссия залал көлемін есептеп жатыр. Алдын ала есепке сәйкес, тәртіпсіздіктер кезінде қалаға 95 миллиард теңгеден астам шығын келген. Шаһарда 1600 бизнес нысаны зақымданып, 67 миллиард теңгеге шығынға батыпты. Оның 96 пайызы шағын және орта бизнес өкілдеріне тиесілі. Сондай-ақ әкімшілік ғимараттарға келген залал 16 миллиард теңгеге жуық.
Зардап шеккен кәсіпкерлер InfoKazakhstan сайтына жазып, бүлінген зат, не ғимаратты растайтын тиісті құжаттарды жіберу қажет. Одан кейін комиссия мүшелері өтінішті жеке-жеке қарастырады. Қираған нысандар бюджет есебінен және «Күш бірлікте» атты қордың қаражатынан қалпына келтіріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!