{metadescription}
«РОП операторы» активтері мемлекетке берілді
«РОП операторы» активтері мемлекетке берілді

«РОП операторы» активтері мемлекетке берілді

«РОП операторы» компаниясы утилизация алымын жинайтын құқығынан айырылып, активтері мемлекет меншігіне берілді. Үкімет қаулысына сәйкес, әрі қарай бұл қызметпен «Жасыл даму» акционерлік қоғамы айналысады. Аталған мекеме экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйым.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі:

- Бүгінгі күні тиісті уәкілетті органдар активтерді мемлекеттік меншікке беру, уәкілетті органдардың қорытындыларын ұсыну, «Жасыл даму» АҚ балансына беру, акционерлік қоғамды әділет органдарында қайта тіркеу және т.б. бойынша шаралар қабылдауда. Кәдеге жарату алымының коэффициенттерін төмендету мәселесі бойынша ҚР Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәдеге жарату алымының коэффициенттерін қайта қарау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл мөлшерлемелер ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітілетін болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-қаңтардағы үндеуінде елдегі кәдеге жарату төлемін сынға алып, мұндай маңызды іспен шетелдердегі секілді мемлекеттік ұйым айналысу қажет деп айтқан. Алымдардың мөлшерін де қайта қарау керектігі көтерілген.

Қоғам белсенділері бес  жыл ішінде экология министрлігінің өтінішімен 579 миллиард теңге кәдеге жарату төлемі жиналды, бірақ құны шарықтаған утилизация төлемінің кесірінен көлік, ауыл шаруашылық техникасы мен қарапайым кабельдің бағасына дейін өсіп кетті деген дәлел келтірген. Алайда қоғамдық қозғалыстар «әлі күмәнді тұсы жетерлік» деп отыр.

Нұраддин Садық, қоғам белсендісі:

«Жасыл даму» экология министрлігіне қарасты мекеме. Бұл көңілге күмән ұялатады. Неге? Бұл республикалық мемлекеттік мекеме, РГП болу керек еді. Бірақ қазіргі таңда жаңалыққа қарасақ, «Жасыл даму» компаниясы жинай бастапты. Бұл ведомстваға қарасты мекеме болғаннан кейін халықаралық құжаттарды ратификациялау мүмкіндігі шектеулі бола ма деген күмән бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде