Тозығы жеткен: Балқашта 150-ге тарта тұрғын үй жылусыз қалды
Балқашта коммуналдық апаттан 150-ге тарта тұрғын үй жылусыз қалды. Шенеуніктер тұрғындарға жылымшы су беріп отырмыз дейді. Алайда пәтерлер жылынбаған. Ал коммуналдық қызмет жарылған құбырды екі күннен бері әлі жөндей алмай жатыр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
19.01.2022
Ақау магистральді құбырдан шыққан. Жарылған жерді жамаймыз деп жүргенде, 70-ші жылдан бері жөндеу көрмеген құбыр тағы екі жерінен тесіліпті.
Балқаш жұрты сапалы жылу дегенді ұмытқан. Өткені құбырлардың 80 пайызының тозығы жетіпті. Коммуналдық мекемеге құбырдың жарылған жерін жамау жылдағы жырға айналған. Ал оны толық ауыстыруға қажет 4 миллиард теңгені жергілікті бюджет көтере алмайды.
Ескендір Қабидолла, Балқаш қаласы ТКШ жолаушылар транспорты мен автомобиль жолдары бөлімінің бастығы:
- Жобаны іске асыру үшін 2022 жылы 456 миллион теңге қарастырылған. Ал магистральді құбырларды толық жөндеуге 4 миллиард 240 миллион теңге қажет. Жалпы Балқаш қаласындағы жылу беру жүйесінде олқылықтар бары жасырын емес, өткені жылу құбырларының 80 пайызы тозған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!