Ковид-19: Соңғы тәулікте 13 874 адамнан КВИ анықталды
Елімізде коронавирус жұқтырғандар санында антирекорд тіркелді. Соңғы тәулікте бұл кесел 13 874 адамнан анықталған.
Автор: Айман Нұрмағанбет
19.01.2022
Бір күнде мұншалықты көп науқас пандемия өршіп тұрғанда да болмапты. Аурудың аяқ асты асқынуына тұрғындардың шектеу шараларына немқұрайлы қарауы себеп дейді санитар мамандар. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы кезде халық арақашықтықты сақтау, вакцина алу, бетперде тағу секілді қарапайым ережені мүлдем ұмытқан.
Республика бойынша ең көп көрсеткіш Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр. Елордада бір күнде 4874 адам ауру жұқтырған.
Алматыда 1580 науқас анықталды.
Қазір еліміздің эпидемиологиялық картасында тек Түркістан облысы ғана «сары» аймақта тұр. Қалған өңірдің бәрі «қызыл» деңгейде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!