{metadescription}
Мәжілісмендер мектептерді карантинге жабу шешіміне қарсы шықты   
Мәжілісмендер мектептерді карантинге жабу шешіміне қарсы шықты   

Мәжілісмендер мектептерді карантинге жабу шешіміне қарсы шықты   

Мәжілісмендер ірі қала мектептерін карантинге жабу шешіміне қарсы шықты. Білім министрлігінің іс-әрекетін сынға алған олар оқушылардың оқуын шектеу ең соңғы іс болуы керек деп санайды. ДДСҰ да мәлімдемелерінде осылай деген екен.

Депутат Ирина Смирнова мектептердің үздіксіз жұмыс істеуі балалардың білімі мен психикалық денсаулығы, әлеуметтік өмірі үшін маңызды дейді. Осы тұрғыда министрліктің асығыс шешім қабылдағанына ашулы. Айтуынша, бұрын коронавирус өршіп тұрғанда мектептерде сабақ берудің алгоритмі қабылданып, кезекші сыныптар мен топтар жұмыс істеген. Ал қазір ондай жоқ.

Елорда, Алматы, Шымкенттегі оқушылар қашықтан білім алып жатыр. Өзге қалалардағы мектептерде сабаққа баруға рұқсат берілген. Бұдан өзге балабақша, қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы тоқтаған жоқ. Мәжілісмен депутаттық сауалында білім беру орындарын ашып, онда вирустың белгілері байқалған ұстаздар мен оқушыларды COVID-19-ды анықтайтын жедел-тест арқылы тексеруді ұсынды.

Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты:

Тек мектептер қауіпті аймақ саналып отыр. Эпидемия кезінде жұмыс істеудің алгоритмі бола тұра, осындай қадамға бардық. Үкіметке мектептерді жапқаннан гөрі, денсаулық сақтау ұйымының кеңесімен келісу керек. Медициналық бетперделермен қамтамасыз етіп, вакциналау қарқынын күшейту керек. COVID-19-ды анықтайтын жедел-тесттерді қолдану аясын кеңейту, оларды тегін қылу және онымен ұстаздар мен оқушыларды тексеру қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде