ШҚО: Аулада тұрған көліктерді ұрлап кеткен
Шығыс Қазақстан облысында көлік ұрлаған күдіктілер ұсталды. Қолға түскен қос жігіт аулада тұрған көліктерді үптеп кетіп жүрген.
Автор: Ұлан Нұрахмет
19.01.2022
Алғашқы көлік ұрлығы Алтай ауданында тіркелген. Ұрылар 65 жастағы зейнеткердің аулада тұрған темір тұлпарын қолды қылған екен. Полиция қызметкерлері осы ұрлыққа қатысы бар деп 28-30 жастағы жігіттерді бірден ұстаған. Бірақ екеуі де көпұзамай ешқайда кетпеу туралы қол хатпен босатылады. Абақтыдан шыға салысымен 30 жастағы күдікті Қатонқарағай ауданында тағы ұрлық жасаған. Бұл жолы ол үйдің ауласында тұрған көлікті мініп кетіпті. Тәртіп сақшылары ұрыны Өскемен-Алтай тас жолында қуып жүріп қолға түсірген. Жас жігіт бұған дейін де алты мәрте көлік ұрлығына қатысты істі болған.
Татьяна Карпова, ШҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Екі дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы, яғни автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!