{metadescription}
Тоқаев: «Мұрат Бектанов сын сағатта армияәлеуетін көрсете алмады, көмек шақыруға мәжбүр болдық»
Тоқаев: «Мұрат Бектанов сын сағатта армияәлеуетін көрсете алмады, көмек шақыруға мәжбүр болдық»

Тоқаев: «Мұрат Бектанов сын сағатта армияәлеуетін көрсете алмады, көмек шақыруға мәжбүр болдық»

Бүгін елдің қорғаныс министрі ауыстырылды. Президент жарлығымен бес ай ғана жұмыс істеген Мұрат Бектанов лауазымынан босатылып, оның орнына Руслан Жақсылықов келді. Осыған дейін Руслан Фатихұлы ішкі істер министрінің орынбасары әрі Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы қызметінде болған.

Ведомствоның жаңа басшысын ұжымына Президенттің өзі таныстырды. Ол "Мұрат Бектанов сын сағатта ел армиясының әлеуетін көрсете алмады. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық" деп, экс-басшының командирлік қабілетін сынға алды. Руслан Жақсылықовқа сенім артып, енді Қарулы күштерге талаптың күшейетінін мәлімдеді.

Қаңтардағы қақтығыстан сабақ алған ел билігі биыл қорғаныс саласына мықтап көңіл бөлуге кірісті. Ең алдымен ел басшылығын сыртқы және ішкі қауіп-қатерлер туралы уақтылы әрі нақты ақпараттармен қамтамасыз етуге тиісті әскери барлау қызметі күшейтіледі.

Сондай-ақ президент жарлығымен  құрылатын Арнаулы операциялар жөніндегі күштердің басшылығына маңызды миссия жүктеледі. Олар қысқа мерзім ішінде басқа күш құрылымдармен бірлесіп, барлық ұйымдастыру шараларын қабылдап, арнаулы операцияларды орындауға кіріседі. Арыс, Байзақтағы қару-жарақ сақтайтын нысандардағы төтенше жағдайлар қайталанбасы үшін қару-жарақтарды сақтау, қажетсізін жою шаралары жүзеге асырылады. 30-50 жыл болған Кеңес дәуіріндегі техникалар да жаңартылады. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндейтін, оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті дамытпақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде