Әкімдікте болған бүліктің видеосы жарияланды – Ақтөбе облысы
Ақтөбеде 10 күн бұрын облыстық әкімдікте болған бүліктің видеосы жарияланды. Онда жаппай тәртіпсіздік кезінде наразы топтың ғимарат ішін қалай бүлдіргені көрсетілген.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.01.2022
Қолына таяқ, темір ұстаған жігіттер әкімдікке баса-көктеп кіреді. Жолын бөгемек болған тәртіп сақшыларының өзіне тап берген. Бұзақылар шенеуніктердің кабинеттеріндегі жиһазды қиратып, терезелерді қалай сындырғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұдан бөлек наразы топ сол күні екі өрт сөндірушіні соққыға жығады.
Қазір Ақтөбеде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыппен 15 адам қамауға алынып, 417 адам әкімшілік жазаға тартылған. Тәртіп сақшылары лаңкестік әрекетке қатысқаны үшін бір тұрғынның көзін жойғанын мәлімдеді.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Операция барысында полиция қызметкерлеріне белсенді қарсылық көрсетілді. Қақтығыс нәтижесінде террористік акцияға қатысқан біреуінің көзі жойылды. Мемлекеттік ғимараттарға шабуыл жасау және оны басып алу фактілері бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!