{metadescription}
0:000:00
Есеп комитеті «Самұрық-Қазынада» ашық тексерісті бастады

Есеп комитеті «Самұрық-Қазынада» ашық тексерісті бастады

Есеп комитеті «Самұрық-Қазынада» тексерісті бастады. Ешқандай құпиялыққа жол берілмейді. Сөйтіп жылдар бойы Үкіметтен көл-көсір көмек алған ұлттық қордың барлық құпиясы ашылатын болады.

Еліміздегі ең ірі ұлттық компанияны Есеп комитеті ашық тексере бастады. Кәсіпкерлердің қандай қолдау алғаны, оларға қаншалықты көмек берілгені белгілі болады.

Президент 11-қаңтарда жасаған үндеуінде "Самұрық-Қазынаның" тиімділігіне күмән келтірген. 69 млрд АҚШ долларлық активі бар қорды толық реформалауды тапсырды. Егер осынша ақша тек белгілі бір топтың қалтасын қалыңдатып жатса, жауып тастайық деген.

Ереже бойынша, Есеп комитетінің алдында ірі холдингтер ашық болуы керек. Олар мемлекеттік органға ғана емес, халыққа да  есеп беру керек дейді депутаттар. Жалақысын миллиондап, сыйақысын долларлап алатын қор елдің соры болмау керек деп санайды.

Берік Дүйсенбиев, Мәжіліс депутаты:

Ұлттық мекемелер үйдің ішіне тігілген үй сияқты нәрсе. Бұның барлық тапқан табысы бюджетке тікелей төлену керек. Ал өзара сыйақы ретінде, болмаса басқа ретінде алған жалақыларын, «Самұрық-Қазынадағы», оны мемлекеттік тұрғыдан қарау керек шығар. Енді осы майлы жіліктің басын ұстап отырғаннан  кейін, майлы жіліктің қызығын халық көруі керек, мемлекет көруі керек.

Ерлан Сайыров, Мәжіліс депутаты:

Ең бірінші аудит болу керек. Аудит – «Самұрық-Қазына» компаниясының ішіндегі әртүрлі құрылымдардың қайсысы бүгінгі таңда экономикалық тұрғыдан тиімді және үкіметке нақты материалдық пайдасын әкеп жатыр? Сол үкіметке нақты пайдасын әкелмейтін компаниялардың барлығына шешім қабылдану керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде