{metadescription}
ТЖ режимі алынғанмен, тінту жүргізіле береді
ТЖ режимі алынғанмен, тінту жүргізіле береді

ТЖ режимі алынғанмен, тінту жүргізіле береді

Қазақстандағы бес облыс пен Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары төтенше жағдай режимінен шықты. Комендаттық сағат жойылып, қала мен облысқа кіріп-шығуды шектеген блокбекеттер алынды.  

Алайда бас қаладағы министрліктер үйі мен оның қасындағы маңызды мемлекеттік нысандардың алдында әлі де қарулы күзет тұр. Өткен-кеткен көліктер мен адамдарды  сарбаздар мұқият тексеріп жатыр. Полицейлер де қалыпты өмірге оралдық екен деп босаңсуға болмайтынын айтады. Өйткені бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі алынып тасталған жеті өңірде көлік пен құжат тексеру, жалдамалы пәтерлер мен қонақ үйлер, саяжай алқабы мен бос қалған үйлерге тінту жүргізіле береді.  

«Құқықтық тәртіп» шарасы аясында құқық қорғау органдары халықтан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркілеуді де жалғастырады. Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан атыс қаруы мен оқ-дәрілердің ұрлағаны қауіп төндіріп отыр дейді министрлік. Сол себепті қазақстандықтар заңсыз қаруды өз еркімен тапсыруға тиіс.

Атығай Арыстанов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

- Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген. Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыс болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Осыған байланысты ІІМ азаматтарды заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және арнайы құралдарды өз еркімен тапсыруға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде