{metadescription}
Радикалдарды бөлек ұстау керек, әйтпесе сотталушылардың санасын улауы мүмкін
Радикалдарды бөлек ұстау керек, әйтпесе сотталушылардың санасын улауы мүмкін

Радикалдарды бөлек ұстау керек, әйтпесе сотталушылардың санасын улауы мүмкін

Радикалдарды түрмелердегі бөлек камераларда ұстау керек, әйтпесе лаңкестік әрекетке қатысы барлар басқа сотталушылардың санасын улауы мүмкін. Қазақстанда бір бараққа 100-ге тарта жазасын өтеуші қамалады. Сенатор мұндай жерде тәрбие жұмысы жайлы айту мүмкін емес, ол қоғамға төнген қауіп дейді.

Андрей Лукин, Сенат депутаты:

- Радикализм, әсіресе қылмыстық-атқару жүйесіндегі, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатердің бірі екенін ұмытпауымыз қажет. Осы жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде діни және террористік ұйымдардың 500-ден астам лидері мен қатысушысы жазасын өтеп жатыр. Бір бараққа 100-ге тарта сотталушы қамалатынын ескерсек, мұндай жағдайда тәрбие жұмысы жайлы айту мүмкін емес. Түрме субмәдениеті мен қылмыстық ортаның ықпалы бүкіл жұмысты зая кетіреді.

Депутаттың сауалы орынды болғанымен, оны бүгін-ертең жүзеге асыру мүмкін емес сыңайлы. Өйткені теріс ағымның жетегінде жүріп сотталғандарды бөлек қамау үшін арнайы камералар керек. Ал Қазақстандағы 64 колонияның тек тоғызы ғана камера түріндегі абақты. Онда сотталғандардың 18 пайыздан астамы ғана отыр. Қолданыстағы қалған түзету мекемелері өткен ғасырдың 30-70 жылдары салынған барақ типті ғимараттар. Сондықтан ең алдымен түзету мекемелерін реконструкциялау қажет.

Қаңтардағы қақтығысқа содырлардың қатысы барын билік мойындаған. Тіпті лаңкестер іздерін жасыру үшін сыбайластарының мәйіттерін мәйітханадан ұрлағанын айтқан. Бүгін сол қайтыс болған террористердің жерленген жерлері табылды. Алматы полициясы мәліметті растап, лаңкестерді құпия жерлеу олардың жеке тұлғасын анықтауды қиындату үшін жасалғанын айтты. Сенаторлар биліктен «Алматы трагедиясын» тергеу мүмкіндігінше ашық және объективті түрде жүргізілуін сұрады. Бейбіт адамдар әділетсіздік құрбандарына айналмауы керек деді.

Ләззат Сүлеймен, Сенат депутаты:

- Түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін қазір 2000-нан астам адам ұсталды. Мемлекетіміздің конституциялық негізіне балта шапқысы келген лаңкестердің жоспарлаған әрекетіне бейбіт шерушілердің қолжалғау болғаны белгілі. Бейбіт адамдардың әділетсіздік құрбандарына айналуына жол берілмеу керек. Мемлекеттік құзырлы органдардың қызметі барынша ашық және әрі объективті болуы керек. Барлық жайт жасырылмай, ашық айтылуы міндеті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде