Жаппай тәртіпсіздікте қаза тапқандардың несиесі кешіріледі, тек ...
Жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан азматтардың несиесі кешіріледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу агенттігі мәлімдеді. Тек көз жұмған азамат терорист емес, бейбіт тұрғын болуы шарт. Сондай-ақ бассыздық кезінде зардап шеккен қарыз алушыларға да көмек көрсетіледі.
Автор: Елдос Есенбол
20.01.2022
Тоқсан күнге дейін төлем мерзімі шегерілмек. Ол үшін азаматтар банкке өтініш жазуға тиіс. Сол кезде ғана уақыты кешіктірілген несие үшін өсімпұл қосылмайды. Қаржы нарығын реттеу агенттігі марқұмдардың банктер алдындағы борышын жою жұмысын бастап кетті
Терентьев Александр Леонидович, Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры:
- Әскерилер мен ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің тізімін тексердік. Ал жаппай тәртіпсіздікке қатысы жоқ азаматтардың тізімін еңбек министрлігін бірлесіп анықтап жатырмыз. Егер тексеріс барысында олардың бұзаққылыққа қатысқаны расталса немесе сот кінәлі деп тапса, олардың несиесі кешірілмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!