{metadescription}
Лаңкестер Алматы халықаралық әуежайына қалай шабуыл жасаған
Лаңкестер Алматы халықаралық әуежайына қалай шабуыл жасаған

Лаңкестер Алматы халықаралық әуежайына қалай шабуыл жасаған

Алматы халықаралық әуежайы қызметкерлері лаңкестер шабуылының хронологиясын айтып берді. Қаңтардың 5-і күні қару асынған елу шақты адам стратегиялық нысанға кіріп келген. Алдымен дүкендер мен әйнектерді сындырыпты. Эвакуациялау кезінде қалып қойған жұрттың жүгін ақтарып, керек болмағанын бұзақылар өртеп жіберген.

Ал бір тобы ұшу-қону жолағына беттеп, онда от қойған. Аттануға дайын тұрған ұшақтағы жолаушылар 14 сағат бойы ешқайда шыға алмай отыруға мәжбүр болған. 

Алматы халықаралық әуежайында қалыпты қарбалас қайта басталған. Бірі саяхаттан енді оралып жатса, өзгелері рейстеріне асығып барады. Алайда осыдан екі апта бұрын бұзақылар мұнда ылаң салып кеткен. Тоналған дүкендер мен банкоматтарбың біразы сол қалпы істемей тұр. Бұзақылар басып кірген кезде іште мыңға жуық қызметкерлер мен жолаушылар болыпты.

Кеңес Нұрамбеков, Алматы әуежай терминалының ауысым бастығы:

- Кабинетіме келсем айқайлаған дауыстарды естідім. Лезде екінші қабатқа жүгіріп барсам, сыртта тұрған ашулы бір топ жігіттерді көрдім. Олардың қолдарында бита және арматура болды. Полицейлердің қалқанын алып алыпты. Бастарында спецназдың каскалары. 15 минуттай бір-бірін күтіп, жиналып тұрды. Агрессивті болғандықтан олармен сөйлесуге мүлдем мүмкіндік болмады. Мені көріп артымнан қуды.

Ашулы топтың келе жатқанын естіген қызметкерлер жолаушыларды эвакуациялап, өздері артынан көлікпен кетпекші болған. Алайда оларды қуып жетіп алған екен. Қаскөйлердің қанталаған көзі мен сұсты жүзі зәресін әбден ұшырған сыңайлы.

Фархат Сәбитов, Алматы әуежайының ауысым бастығы:

- Әуежайдың барлық қызметкерлеріне эвакуациялау туралы бұйырық бердім. Біз ең соңғы болып қызметкерлермен бірге көлікпен шығып жатқанбыз. Сол кезде бізге жас жігіттер жүгіріп келді. Сенесіздер ме, мен өмірімде алғаш рет сондай қып-қызыл көздерді көрдім. Шыны керек, сәл қорқыныш болды.

Бұзақылар нысанда қалып қойған жолаушылардың жүктерін ақтарып, артынша өртеп жіберіпті. Банкоматтарды тонап, дүкендердің тас-талқанын шығарған. Мұнымен шектелмей тіпті ұшу-қону алаңына дейін шығып кетіпті. Сойқан басталған уақытта әуежай аумағында жолаушыларға толы үш ұшақ тұрған.

Досан Тәшеков, Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік бөлімінің қызметшісі:

- Сегізге таман байқадым, бөтен адамдар кіріп жатқанын. Сонда бізге радиостанциямен хабар келді. Біздің өзіміздің ұшып келген ұшақ пен жолаушыларымызды қауіпсіз жерге апаруын бұйырды. Автобус келді осы жерге. Әуежайдың қызметшілері мен өзіміздің авиациялық қызметшілер жүгіріп жүрді. Барлығын шығарып автобуспен әкете бастадық қауіпсіз жерге.

Қызметкерлердің сөзінше 6 қаңтар күні таңғы сағат төртке таман әскерилер келіп, атыссыз, қаскөйлерді толық қуып шығыпты.

Кешеден бері Алматы әуежайы штатты режимде жұмысын бастады. Барлық ішкі және халықаралық рейстер кесте бойынша ұшып жатыр. Қазіргі таңда нысанға келтірілген залалдың нақты сомасы есептелуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.