{metadescription}
Нұртөре Жүсіп: Жастар «тәк-тәкпен» емес, Тик-Токпен тәрбиеленіп жатыр
Нұртөре Жүсіп: Жастар «тәк-тәкпен» емес, Тик-Токпен тәрбиеленіп жатыр

Нұртөре Жүсіп: Жастар «тәк-тәкпен» емес, Тик-Токпен тәрбиеленіп жатыр

Сенат депутаттары мемлекет 30 жыл ішінде ұлттық идеология мен тәрбиеде үлкен олқылық жібергенін айтты. Қазіргі жастарды ата-анасының «тәк-тәгі» емес, ұялы телефондағы Тик-Тогы тәрбиелеп отыр.

Сенатор Нұртөре Жүсіп  әркім көрпені өзіне тартып жүргенде, ұлттық тәрбие жайына қалды дейді .

Ол Үкімет мүшелерінің жұмысына төмен баға берді. Ортақ жоспармен бір бағытта жұмыс істей алмайтын бірнеше министр бірден сенатордың қаһарына ұшырады.

Қоғам азғындалып кетпеуі үшін тәрбиені жастардан бастау керек. Олар оқитын кітаптан бастап, көретін теледидар, гаджеттегі бағдарламаларды да қадағалау министрліктердің міндеті болуы тиіс. Мән-мағынасы жоқ, тек рейтинг қуалайтын телераналарды қайта құру керектігін айтты. Осыған дейін Сенатта болған ұлттық құндылықтар туралы отырысты премьер-министр Әлихан Смайылов қол астындағылармен бірге тыңдауды талап етті. Себебі былтыр Сенатта өткен парламенттік тыңдауда 5 құндылық, атап айтқанда-Тәуелсіздік пен Тарихи таным, Ел мен Жер, Тіл мен Имандылық, ұлттық дәстүр мен отбасылық тәрбие, білім мен біліктілік қазақ қоғамының басты қағидаттары ретінде күн тәртібіне шығарылғанын атап өтті. Үкіметке, тиісті министрліктерге ұсынымдар берілгенімен, соның бірде бірі назарға алынбады дейді депутат.

Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты:

- Президентті құр сөзбен емес, нақты іспен қолдау керек. Біз ұлттық идеология мен ұлттық тәрбиеде үлкен олқылық жіберіп алдық. Мұны ашық мойындау қажет. Менің мемлекетім, менің Қазақстаным деген отансүйгіш сезімді терең орнықтыру орнына қалай да ақша табу, тез баю, тірліктің бәрін ақшымен шешу ұғымдарын алға шығардық. Бүгінгі жастар бабалардың «тәк-тәк» деген тыйымдармен емес, негізінен Тик-Ток арқылы тәрбиеленіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде