{metadescription}
«Меха России» жаңа топтамасын қолжетімді бағамен ұсынады
«Меха России» жаңа топтамасын қолжетімді бағамен ұсынады

«Меха России» жаңа топтамасын қолжетімді бағамен ұсынады

Алматыда «Меха России» жәрмеңкесі тағы да сәнді әрі ерекше ішіктермен толықты. Бұл жолы да жаңа топтама халыққа барынша қолжетімді бағамен ұсынылады.

Түрлі акция мен сыйлық жасап отыратын дүкенде эксклюзив өнімдердің 3 мыңнан астам түрі қойылған. Жылуы мен сұлуы үйлескен қыстық киімдер Балуан Шолақ сарайында сатылып жатыр.

Аса бағалы аң терісінен жаңа ішік алғысы келгендер жәрмеңкеге қарай ағылуда. Өйткені нағыз қыс ортасына жеткенде мұнда жаппай жеңілдіктер жарияланған. Ақпанның ақ түтегі әлі алда екенін ескерген олар жақында тағы да жаңа топтама жеткізіпті.

Вераника Шевченко, сатушы:

- Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары. Сіздерге жаңа жылда жаңа топтама, яғни жаңа тондар келгенін хабарлаймыз. Жеңілдіктер әлі де жүріп жатыр. Мәселен, құндыз -200 мыңнан, керли -120 мыңнан, мутон -150 мыңнан басталады. Бұдан бөлек, ерлерге арналған сырт киімдерді де 200 мың теңгенің көлемінде сатып алуға болады.

Тондар түгел Ресейдегі тон фабрикасында тігілген. Қаракүзен, бұлғын, елтірі, қаракөл, мутон сынды он маусымға да шыдас беретін ішіктермен қатар қысқа жеңді кеудешелер де қойылған. Сондай-ақ сырт киімдердің түр-түсінен бөлек, ұзынды қысқалы, қалынды жұқасы да осында.  Мұны көрген қыз-келіншектер таңдау жасай алмай әлек.

Жанна Жанысбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мына жерге қыдырып, былай жай жүріп... Қарасам, жарнамасы болып жатыр екен. Ішіне кірдім де, ұнаттым.  Түр-түрімен екен. Ұнағаны мынау болды. Бара-бара жасым да келді. Жас кезімізде оған мән бермедік. Тойлар болады, киіп барамын.

Жәрмеңкеде тондарды бөліп төлеуге немесе несиеге алу жағы да қарастырылған. Қазір келіп көрсеңіз, ең әдемісін таңдап үлгересіз. Ендеше бағалы тонды арзанға аламын десеңіз, «Балуан Шолақ» спорт сарайына келіңіз. Кіретін есігі Байтұрсынұлы көшесі жағынан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде