{metadescription}
Тоқаев: «Қазақстан халқына» алпауыт компаниялар ақша аударуы керек
Тоқаев: «Қазақстан халқына» алпауыт компаниялар ақша аударуы керек

Тоқаев: «Қазақстан халқына» алпауыт компаниялар ақша аударуы керек

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақы аудару бастамасын мүлдем қажетсіз деп есептейді. Айлығы мардымсыз мемлекеттік қызметкерлердің емес, алпауыт компаниялардың табысының бір пайызын аударып отыру үшін құрылғанын мемлекет басшысы қадап айтты.

«Бизнес қауымдастық осы бастамаға шынайы қолдау білдіріп жобаның ойдағыдай іске асуына көмектеседі деп үміттенемін», - деп түйіндеді Тоқаев. О бастан қорға кімдердің ақша салатынын және оның мөлшерін үкімет анықтайды делінген еді. Қордың жұмысы ашық жүргізіліп, түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақшы. Сондықтан мемлекет басшысы бюджеттік сала қызметкерлерінің бір күндік жалақысын аударуға үзілді-кесілді қарсы. Арнайы жұмыс тобының мәліметінше, «Қазақстан халқына» қорына  16-19 қаңтар аралығында 16 мың 167 адамнан 30 миллионға жуық ақша түскен. 75 заңды тұлға мен ірі кәсіпкерлер 19 млрд. теңге қаражат салған. Мәрттік танытқандарға Тоқаев ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Осынау игілікті іс ең жоғары бағаға лайық. Бірақ бұл жерде формализм мүлдем болмауға тиіс. Әйтпесе мемлекеттік қызметшілерден, бюджет қызметкерлерінен бір күндік жалақы жинай бастады. Мұны жасаудың қажеті жоқ. Бұл мүлдем қажетсіз бастама. Тағы да қайталап айтамын, бұл бюджеттік қор емес. Бұл Қазақстан халқына көмек көрсетуге бағытталған қор. Сондықтан оның жұмысы ұзаққа созылатын бюрократиялық процедурасыз болуы тиіс. Барлық ірі компания жыл сайын қорға салық салынатын кірісінің пайызын аударып отырады. Қор пайдалы қайырымдылық іспен айналысады. Бизнес қоғамдастық бұл бастаманы шынайы қолдайды деп үміттенемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде