{metadescription}
Тоқаев: Шетелге газ экспортын тоқтатып, отандық нарықты дамыту керек
Тоқаев: Шетелге газ экспортын тоқтатып, отандық нарықты дамыту керек

Тоқаев: Шетелге газ экспортын тоқтатып, отандық нарықты дамыту керек

Өзімізге жетпей жатқанда, өзгені жарылқауға жол берілмеуі керек. Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қазына қорының газ саласы бойынша жұмысын қатаң сынға алды. Өйткені отандық ірі жобаларды жүзеге асырау үшін көгілдір отынның жеткіліксіздігі қолбайлау болып тұр екен.

Президенттің сөзінше елде жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарының қабырғасы сонау Кеңес заманында қаланған. Біз ескіні жамап жүргенде, көрші Өзбекстан бірнеше жаңа зауыт салып үлгерді дейді мемлекет басшысы. Жаңа өндірістерді дамытуда табиғи газбен қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады. Сондықтан шетелге газ экспортын тоқтатып, отандық нарықты дамытуға бұру керек деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір елде үш ірі мұнай өңдеу зауыты бар: Атырау, Павлодар және  Шымкент қаласында.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Жаңа өндірістерді ынталандыру үшін табиғи газбен жабдықтау да ерекше маңызға ие. "Самұрық-Қазынаны", оның газ бөлімшелерін реформалау шеңберінде ішкі нарыққа газ жеткізуге басымдық беру керек. Кәсіпкерлер ғана емес, өңір әкімдер үкіметке, тіпті маған да индустриялық жобаларды іске асыру үшін газ бөлу мәселесін айтып жүгінеді, ал ол жоқ. Ендігіден бастап отандық өндірісті қамтамасыз етудің орнына газды шет елге шығыруға жол берілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде