Ақтөбелік өрт сөндірушілер қалай аман қалғанын айтып берді
Ақтөбелік өрт сөндірушілер жаппай тәртіпсіздік кезінде қоршаудан қалай аман шыққандарын айтып берді. Бұзақылар олардың жолын бөгеп көліктерін қиратқан. Ал өздерін соққыға жығыпты.
Автор: Жаңалық Ахаш
21.01.2022
Өрт сөндіру қызметінің терезесі сынып, бүлінген қос көлігі қазір гаражда тұр. Тергеушілер техниканы ешқайда шығармай, ешбір құралына тиіспеуді бұйырыпты. Айғақ зат ретінде керек болады деп ескерткен. Осыдан екі апта бұрын бұзақылар митинг кезінде өрт сөндіруге бара жатқан КамАЗ бен «Газель» маркалы көліктерді тоқтатып алдын бөгейді. Өрт сөндірушілер қаптаған адам қоршап алғанда қорқып кеткен. Олар Әбілқайыр хан даңғылындағы үйлердің бірінен шыққан өртті сөндіруге бара жатқан. Ақыры ол жерге жете алмай, кері қайтуға мәжбүр болған. Жалынды басқа бригада барып өшірген. Өрт сөндірушілер ауыр жарақат алмапты. Сол күні бүлінген көлікте болған құтқарушылардың бәрі дін аман.
Азамат Қомытов, өрт сөндіруші:
- Қолдан тиді. Ағашпен, темірмен ұрып жатты. Сол кейін Марьесевке дейін беріп, ішке қарай қайтып келдік. Енді көп адамдарды көргенде үрей болды. Артымыздан жүгіріп келді, артымыздан тас лақтырып, ағаш лақтырып, ұрып-соқты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!