Тоқаев: Шағын және орта бизнеске қысымды тоқтату керек
«Шағын және орта бизнеске қысымды тоқтату керек». Ел президенті бүгінгі кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерімен кездесуде осылай деді.
Автор: Елдос Есенбол
21.01.2022
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша елдегі шағын және орта бизнестің деңгейі көңіл көншітпейді.
Коронавирустың таралуына байланысты қатаң шектеу шаралары жағдайды одан сайын қиындатқан. Әсіресе «қызыл» аймақта орналасқан өңірлердегі кәсіпкерлік нысандар карантин шектеулерінің салдарынан тұралап қалған. Соның кесірінен мемлекет пен бизнес өкілдері арасында сенімнен гөрі күдік басым. «Омикрон» штамы боп түрленген Ковид -19 вирусы бүкіләлемдік қасірет болғандықтан оны халықтың басым бөлігі жұқтыратыны анық»,- деді ел президенті. Сол себепті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнес субъектілерін карантин шектеулерімен қыспаққа алу мәселесін қайта қарауды тапсырды. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да коронавируске қатысты карантин шараларын жеңілдетуге немесе мүлдем алып тастауға үндеген.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Мұндай жағдайда шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шаралары, әсіресе қызмет көрсету саласындағы шектеулер қаншалықты ұтымды, олар қаншалықты нәтижелі? Үкіметке айтарым, бұны қайта қарау керек. Бұл жағдайда шағын және орта бизнесті тұншықтырып, экономикада теңсіздік жасау керек пе өзі?!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!